12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Концертін өткізуге Прагаға ұшып келген Димаш көліктің үстінде отырып қолтаңба таратты

Кеше Прагадағы «Типспорт» аренасының жанына жиналған адам қарасы көп болды. Әлемнің 15-тен астам елінен келген Dears-ті Чех Республикасында әртістің алғашқы жеке концертін өткізуге келген Димаш пен оның командасы қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтетін аренаның «Типспорт» аумағын кеше жылы және мерекелік атмосфера жайлаған.

Чехия, Финляндия, Бразилия, Ресей, Румыния, Украина, Германия, Болгария, Канада, Ұлыбритания, Испания, Перу, Польша, Қазақстан және басқа да елдердің өкілдері Димашты Чех Республикасының жүрегі – Прагада үлкен қуанышпен қарсы алды.

Дәстүр бойынша, Dears сүйікті әншінің әндерін бірлесіп орындады.

Димаштың чехиялық жанкүйерлері қымбатты қонақтардың кездесуін ұйымдастырды.

Ұлттық чех костюміндегі Dear қолынан дәстүрлі нан-тұзды әншінің өзі және оның ата-анасы алды.

Сондай-ақ, әншіге жергілікті шеберлердің ұлттық чех стилінде қолдан жасалған әдемі сыйлықтары тапсырылды.

Күтіп алушылар өте көп болғандықтан Димашқа автомобильдің шатырына шығып отырып қолтаңба таратуға тура келді, жанкүйерлерімен сөйлесіп, оларға алғысын айтты.

Алматыда қаланың экологиялық мәселелерін шешу жолдары талқыланды

Бүгін Алматыда «Байтақ» жасылдар партиясы маңызды мәлімдеме жасады. Партия...

Той — ұлттық кодтың айнасы: салт дәстүрді сақтаудың заманауи жол

Қазақ қоғамында той – тек отбасылық қуаныштың емес, ұлттық...

«Байтақ» партиясы журналистермен кездесу өткізді

Байтақ партиясының Алматы қалалық филиалында "Байтақ" жасылдар партиясының өкілдері...

Ата-аналар форумы көпшіліктің көңілінен шықты

Қарасай ауданына қарасты Абай ауылындағы №2 орта мектепте Мемлекет...

«Үздік педагог – 2025» конкурсының жеңімпаздары

 Абилова Меруерт ҚуанышқызыАлматы қаласы «№181 жалпы білім беретін мектеп»,...