Қасым-Жомарт Тоқаевқа 30 миллиард теңге көлеміндегі заңбұзушылықтар туралы есеп берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа 30 миллиард теңге көлеміндегі заңбұзушылықтар туралы есеп берілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Президентке баяндама жасаған Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованың мәлімдемесінен белгілі болды.

Президентке биылғы бірінші тоқсандағы жоғары аудит органы қызметінің негізгі қорытындылары, сондай-ақ «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауда берілген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде баяндалды.

Осы есептік кезеңде 345 миллиард теңгеден астам бюджет қаржысын қамтитын 14 нысанда 3 аудиторлық іс-шара жүргізілген. Нәтижесінде 30 миллиард теңге көлеміндегі қаржыға қатысты заң бұзушылықтар анықталған. Сонымен қатар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына да аралық аудит жүргізілген.

Мемлекет басшысы бүгінде жеткілікті дәрежеде тиімді болмай отырған Зерде Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингін реформалау жөнінде тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палата ретінде қайта құру жөніндегі тапсырмасының іске асырылуына қатысты Наталья Годунованың ұсынысын тыңдады.

Между долгом и справедливостью

ДЕПУТАТЫ ПОДВЕРГЛИ КРИТИКЕ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ ЧАСТНЫХ СУДЕБНЫХ ИСПОЛНИТЕЛЕЙ И НАМЕТИЛИ ПУТИ РЕФОРМЫ СИСТЕМЫ ИСПОЛНИТЕЛЬНОГО ПРОИЗВОДСТВА, ПОДЧЕРКНУВ НЕОБХОДИМОСТЬ УСИЛЕНИЯ ЗАЩИТЫ ПРАВ ГРАЖДАН, ПРОЗРАЧНОСТИ РАБОТЫ ЧСИ И ВНЕДРЕНИЯ СОВРЕМЕННЫХ ЦИФРОВЫХ ИНСТРУМЕНТОВ КОНТРОЛЯ.

БIЗДI БIРIКТIРЕТIН — ОРТАҚ ОТАНҒА ДЕГЕН АДАЛДЫҚ

Қазақстан Республикасының Судьялар одағының атынан баршаңызды 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Өрт қаупі күшейді: ТЖМ тұрғындарға үндеу жасады 

Жылы күндердің басталуына және өрт қауіпті маусымның келуіне байланысты табиғи өрттердің туындау қаупі артып отыр.

Бір шаңырақ астындағы халық: Қазақстанның этнос құрылымы қалай өзгеріп жатыр?

2026 жылдың басында республика бойынша қазақтардың үлесі 71,5%-дан асады.Қазақстандағы...

Қазақстан халқының бірлігі күні: мерекеге орай қайда баруға болады?

1996 жылға дейін Қазақстанда 1 мамыр Еңбек күні ретінде...