12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Инвестицияның басым бөлігі өнеркәсіпке жұмсалады

Ұлттық статистика бюросының деректеріне қарағанда, 2022 жылдың алғашқы екі айында елімізде негізгі капиталға салынған ішкі және сырт­қы инвестицияның көлемі 1296,8 млрд теңгені құрады. Оның 964,3 млн теңгесі (74,4 %) ішкі, 332,4 млн теңгесі (25,6 %) сыртқы инвестиция. Сондай-ақ, негізгі капиталға салынған бұл инвестициялардың 571, 6 млн теңгесі шағын, 76,9 млн теңгесі орта, 648, 1 млн теңгесі ірі кәсіпорындарға жұмсалған.
Осы арада оқырманға түсінікті болу үшін негізгі капиталға салынған инвес­тиция ұғымына анықтама бере кеткен артық болмас. Ол – жаңа құрылысқа, оны кеңейтуге, қайта құру мен жаңартуға, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын сатып алуға, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға және т.б. бағытталған инвестордың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық әсер алу мақсатында салынатын қаражаттар.

Мәселен, биыл бұл инвестиция­ның 751,7 млн теңгесі ғимараттар құрылыс-монтаждау жұмыстарына; 315,1 млн теңгесі жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға және күрделі жөндеуге; 230,4 млн теңгесін өзге де шығындар құрады.
Инвестиция тарту жағынан Атырау облысы (387, 7 млн теңге) мен Алматы қаласы (135, 6 млн теңге) республика өңірлері арасында көш бастап тұр. Бұл тізімді Жамбыл (28,3 млн теңге) мен Солтүстік Қазақстан (25,2 млн теңге) облыстары түйіндейді.
2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биыл ең жоғары өсім Қызылорда облысы (147,1%) мен Шымкент қаласында (142,8%), ең төменгі өсім Түркістан (77 %) мен Қарағанды облыстарында (54,1 %) тіркелді. Негізгі капиталға салынған инвестиция биыл Қызылорда облысында 38, 4 млн, Шымкент қаласында 39  млн, Түркістан облысында 31, 6 млн, Қарағанды облысында 55, 6 млн теңгені құрады.
Шикізаттық емес секторлардың негізгі капиталына салынған инвестиция мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыны қоспағанда қаңтарда елімізде 291, 5 млн теңгені құрады. Онда ең жоғарғы көрсеткіш Алматы қаласында (51,2 млн теңге) ең төменгі көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында (4,1 млн теңге) болды. Өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда ең жоғары өсім Солтүстік Қазақстан (9,7 есе) мен Атырау (3,8 есе) облыстарында, ең төменгі өсім Ақтөбе (58,2 %), Түркістан (34,4%) облыстарында тіркелді.
Биыл алғашқы айда халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі рес­публикада 32,1 мың теңгені құрады. Ал бұл көрсеткіш Атырау (318 мың теңге) мен Ақмола (53,8 мың теңге) облыстарында өте жоғары болса, Жамбыл (8,2 мың теңге), Алматы (7 мың теңге), Түркістан (5,8 мың теңгені) облысында өте төмен болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ең жоғары пайыздық өсім Солтүстік Қазақстан облысы (163,1 %) мен Шымкент қаласында (136,4 %), ең төменгі өсім Түркістан (44,9 %) мен Қарағанды (62,3%) облыстарында тіркелді. Жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі биыл Солтүстік Қазақстанда 23,4 мың теңге, Шымкент қаласында 17,6 мың теңге, Түркістан облысында 5,8 мың теңге, Қарағанды облысында 20,4 мың теңгені құрап, республикалық орташа көрсеткіштен төмен болғанын ескерсек, бұл аймақ басшыларының жұмысына үлкен сын болуы тиіс.

Серік АЛПЫСОВ,
қаржы полициясының отставкадағы полковнигі, заңгер, экономист:

– Инвестиция туралы айтқанда оның тиімділігі мәселесі туындайды.
Оның қаншалықты тиімді-тиімсіз болғанын әрбір жобаның паспортына қарап, не істелді, не істелмеді дегенді салыстыру арқылы оңай анықтауға болады. Мәселен, Қазақстан егемендік алғаннан бері шетелден 365 млрд доллар тікелей инвестиция әкелді. Олардың басым бөлігі экономикаға салынған. Яғни бұл экономиканың өсуіне ықпал етіп, жалпы ішкі өнімнің көлемі 2-3 есе өсуі керек еді. Бір сөзбен айтқанда бүгінгі ЖІӨ көлемі 170 млрд емес 700 млрд долларды құрауы керек болған. Біздікі өсудің орнына 2 есе азайған.
Оның бірінші себебі, меніңше мұнда үлкен коррупция бар. Мамандардың өзі сыртқа шыққан қаржыны 160 млрд доллар деп отыр. Американдық Дурис Алвин деген зерттеуші ғалым 2012 жылға дейін Қазақстаннан 159 млрд доллар шетелге шығарылды дейді. Соңғы 10 жылда жылына 5-6 млрд доллар шығарылды деген күннің өзінде, бұл 200 млрд долларды құрайтыны анық. Екінші, валютамен келген инвестиция өндіргіш құралдарды алуға, зауыт-фабрикаларды салуға, өндіруші құралдарды өзімізден шығаруға пайдаланылған жоқ. Мәселен, 2020 жылы сатып алған 38 млдрд доллардың импорттық тауарының 0,5 пайызын ғана құрал-жабдық құрайды.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,
«Заң газеті»

Укрепление экономической интеграции

Казахстан и Кыргызстан намерены вывести двустороннее сотрудничество на качественно...

Дорожная карта индустриализации

В прошлом году в Казахстане был принят Национальный проект...

Семь раз отмерь…

Как известно, Казахстан намерен построить атомную электростанцию, об этом...

Смаилов поручил ТЭЦ провести внеплановые проверки

Премьер-министр Алихан Смаилов поручил провести внеплановые проверки тепловых электростанций, передает...

Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды

Премьер-министр Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды, -...