12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Францияда сайлаудың алғашқы нәтижелерінен кейін жаппай наразылық басталды

Францияның бірқатар қаласында президент сайлауының бірінші турының қорытындысына қарсы жаппай наразылық шерулері өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшіс BFM TV арнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, тек Ренн қаласында наразылыққа 500-ге жуық адам шыққан, көпшілігі жастар. Белсенділер антикапиталистік және антифашизмге қарсы ұрандар айтып, қала орталығын аралап өткен.

Көп ұзамай, бұл наразылық тәртіпсіздікке ұласқан: жастар көше жиһаздарын сындырып, банк бөлімшелері, ондаған дүкен терезесін сындырған. Мәлімет бойынша, қала орталығындағы алаңдардың бірінде өрт шығып, өрт сөндірушілердің араласуы қажет болған.

Дәл осындай акция Лион қаласында да өткен. Онда наразылыққа шыққандар саны әлі белгісіз. Белсенділерді ауыздықтау үшін полиция жұмылдырылған.

Наразылық білдірушілер президент сайлауына түскендердің ешқайсын — Эммануэль Макронды да, Марин Ле Пенді де қолдамайтындарын айтты.

Еске салайық, Францияда кезекті президент сайлауы өтіп жатыр. 2022 жылдың 10 сәуірі — бірінші тур және 24 сәуір – екінші тур. Бірінші тур қорытындысы бойынша, Францияның қазіргі президенті Эммануэль Макрон мен Марин Ле Пен көш бастап тұр.

Армения халқы Пашиняннің отставкаға кетуін талап етті

13 қыркүйекте Армения ұлттық жиналысы ғимаратының алдында премьер-министр Никол...

Ресей Киевтегі тұрғын үйлерге шабуыл жасады: Көз жұмғандар бар

Жексенбі күні таңертең ресейлік әскерилер Киевке әуеден соққы жасады. Жергілікті...

Ердоған президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынылды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған алдағы президенттік сайлауға қатысатынын...

БҰҰ-ның Бас хатшысы әлемге астық тапшылығы қаупі төніп тұрғанын ескертті

Украинадағы қақтығыс салдарынан тыңайтқыштардың қымбаттауы барлық негізгі дақылдардың тапшылығына...

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын өзгертті

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын түрік тіліндегі Türkiye...