12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Елімізде мал дәрігерлері тапшы

Қазақстан аграрлық ел және ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің жартысына жуығы мал шаруашылығы саласының үлесінде. Әрине, біздің елімізде мал шаруа­шылығын дамыту үшін шексіз мүмкіндік бар. Бұл ретте ветеринариядағы өзекті мәселелерді шешіп, уақыт талабына сай саланы дамыту аса маңызды. Өкінішке орай, аталмыш қызметтің жай-күйі ойдағыдай емес. Тіпті, соңғы жылдары құлдырап кетті десе де болады. Қолға алынған реформалар бірыңғай ветеринария жүйесінің бұзылуына, ветеринариялық инспекция қадағалауының әлсіреуіне алып келді.

Парламент Мәжілісіне келген Ауыл шаруашылығы минис­трі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, ветеринария бойынша нормативтік құқықтық актілерде қайшылық көп, ветеринариялық заңнаманың тәжірибеде қолданылу жолының дұрыс айқындалмауы жұмыстың ақсауына түрткі болған. Әкімдердің карантин мен шектеу шараларын уақытылы қолданбауы жергілікті жерлердегі эпизоотиялық ахуалдың нашарлауына әсер етті. Ал ауылдық округтердің ветеринариялық мамандарында мал иелеріне шара қолдану өкілеттігінің болмауы ветеринариялық нормаларды бұзғандар мен ауру ошақтарында тиісті талапты орындамағандарды жауапкершілікке тартуды қиындатты. Бұл мамандардың аудан орталығындағы ветеринариялық инспекторларға жүгінуге мәжбүрлігін тудырды.
Ветеринария мамандарының өзіне тән емес функцияларды жүзеге асыруы да (қаңғыбас иттерді аулау және ауыл шаруа­шылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру) жоспарлы іс-шараларды жүргізудің тиімділігін төмендетті. Сол секілді, мүдделер қайшылығының болуы және мал шаруашылығы өнімдеріне ветеринариялық-санитария­лық сараптаманы лицензиялау кезінде пәрменді бақылаудың жоқтығы сапасыз өнімдерді өткізуге жол беруге, ветеринариялық анықтамаларды бұрмалау фактілеріне себеп болуда.
Құзырлы орын осы олқы­лық­тарды жою үшін бірқатар маңызды шешім қабылдап отыр. Атап айтқанда, ветеринариялық заңды бұзған шаруашылық иелері үшін нұсқама беру және айыппұл салу бойынша ауылдық округтің ветдәрігеріне қосымша өкілеттік беру, ветеринариялық мамандарға тән емес функцияларды алып тастау сынды мәселелер шешімін тапты. Сондай-ақ, малды жоспарлы вакцинациялауды сәйкестендіру және жүргізудің тиімділігі артпақ.
Бүгінде аграрлық секторда­ғы ең төменгі жалақы алатын мамандықтың бірі – ветеринарлық дәрігерлер. Бұл секторда жас, жоғары білімді кадрлар жетіспейді. Бұған табыстың аздығы, жұмыстың қиындығы, ауылда инфрақұрылымның дамымауы себеп болып отыр. Мәселені шешу үшін жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметтерге тарифін қайта қарау, ветеринария саласындағы ақылы қызмет түрінің көлемі ұлғаймақ. Сала мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындары үшін қойылатын талаптарды әзірлеу және ауылдық квотаны 70 пайызға дейін арттыру ұсынылуда.
Мәжілістің Агралық комитетінің төрағасы Ерлан Барлыбаев та саланың бірқатар өзекті мәселесін ортаға салды. Ол ветеринария бойынша барлық қыз­меттің әкімдіктер қарамағына берілуі қате екенін алға тартты. Атап айтсақ, жергілікті жерлердегі ветеринариялық іс-шаралар негізінен бөлінген бюджет қаражаты есебінен профилактика жүргізумен шектеледі. Сонымен бірге, инспекторлар жұқпалы емес аурулар туралы есептің шынайылығы үшін жауапқа тартылмайды. Жануарлардың денсаулығын бақылау үшін ешкім қан биохимиясын жүргізбейді. Сондықтан, соңғы жылдары адамдарға берілетін жануарлардың созылмалы жұқпалы аурулары өсті. Импорттық асыл тұқымды мал басын әкелу жөніндегі бағдарламаларды іске асыру да көптеген мәселелер туғызған. Олармен елге түрлі аурулар еріп келді. Сондықтан, мал ауруларының алдын алу, диагностикалау және емдеудің заманауи әдістеріне белсенді түрде көшу керек. Бұл үшін ветеринария жүйесін қажетті нормативтік және материалдық-техникалық базамен жабдықтау маңызды.
Отандық ветеринарияда қолданылатын вакцина мен препараттардың сапасын ерекше бақылауға алған жөн. Ал, кадр тапшылығын жоюда министрлік ұсынған ветеринариялық мамандықтарға ауылдық квотаны 70 пайызға дейін ұлғайтумен қатар, жоғары оқу орындарына грантқа түсу кезінде барлық ауыл шаруашылығы, оның ішінде ветеринариялық мамандықтар үшін өту балын азайту қарастырылуы керек. Халықтың ветеринария­лық сауаттылығын арттыру да кезек күттірмейді. Бүгінгі таңда бұл жұмыспен ешкім айналыспайды. Халықтың құқықтық нигилизмі, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздіктің ережелерін елемеуі аурулардың кең таралуына жағдай туғызып отырғанын ұмытпайық.

А.Тұрмағанбетова,
«Заң газеті»

Под маской локализации

В ЯНВАРЕ 2026 ГОДА ФАРМАЦЕВТИЧЕСКИЙ РЫНОК КАЗАХСТАНА ПОТРЯС ОДИН ИЗ КРУПНЕЙШИХ В ЕГО ИСТОРИИ КОРРУПЦИОННЫХ СКАНДАЛОВ.

Балалар мекемелерін санитарлық қадағалау күшейтіледі

Енді тексерулер алдын ала ескертусіз, кенеттен жүргізіледі.

Қазақстан халқының саны 20 495 975 адамға жетті

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны жайында мәліметті жариялады.

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бахтияр Абайұлы Мұхаметқалиев ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Қызылордадағы Ұлттық құрылтай: Президент тапсырмалары қалай жүзеге асып жатыр?

Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы мазмұны мен маңызы жағынан алдыңғы жиындардан айқын ерекшеленді. Мемлекет басшысы бұл жолы өңірлік мәселелермен шектелмей, елдің ұзақмерзімді дамуына тікелей әсер ететін энергетика, көлік-логистика, су ресурстары, цифрландыру, әлеуметтік саясат және мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты нақты міндеттер жүктеді.