Америкалық ірі процессор өндіруші Intel Ресейдегі қызметін тоқтатты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компания сайтына сілтеме жасап.
Қазір Ресейде Intel компаниясының барлық бизнес қызметі тоқтатылғаны айтылған. Компания наурыздың басында Ресей мен Беларуське өнімдерін жеткізуді тоқтатқанын хабарлады.
«Біз Ресейдегі барлық бизнес операцияны дереу тоқтаттық. Бұл Ресей мен Беларусьтегі тұтынушыларға барлық жеткізілімдерді тоқтату туралы шешімімізден кейінгісі», — делінген компанияның сайтында.
Intel — 1968 жылы құрылған америкалық компания. Бұл — электрон құрылғылар мен компьютер компоненттерін әзірлеуші және өндіруші.