12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстанда инфляцияның болжамдық дәлізі өсті

Республикалық бюджетке еңгізілген көктемгі түзетулерде үкімет инфляция дәлізін 8-10 пайыз деңгейінде белгіледі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ұлттық банктің болжамы бойынша экспорт 72,2 миллиард долларға дейін өседі. Импорт 40,2 миллиард доллар болады. Инфляция 8-10 пайыз дәлізінде анықталады.

Түзетілген макроэкономикалық болжам негізінде бюджет кірісінің болжамы нақтыланды. 2022 жылы республикалық бюджеттің кірісі 10,1 триллион теңгеге бағаланып отыр, бұл бекітілген жоспардан 955 миллиард теңгеге жоғары», — деді Қуантыров үкімет отырысында.

Оның айтуынша, кірістер бойынша негізгі өсім мұнайдың болжамды бағасының өсуі, теңгенің долларға қатысты бағамының өзгеруі және макроэкономикалық көрсеткіштердің артуы есебінен корпоративтік табыс салығы аясында баж мөлшерлемесінің артуы есебінен мұнайға экспорттық кедендік баж бойынша күтіледі.

«2022 жылы бюджет тапшылығын 2,9 триллион теңге немесе ЖІӨ-нің 3,3 пайызы деңгейінде анықтау ұсынылады. Республикалық бюджеттің шығыстарын түзетілген көлеммен салыстырғанда 2,7 триллион теңгеге ұлғайта отырып, 18,8 триллион теңге көлемінде айқындау ұсынылады», — деп толықтырды министр.

Укрепление экономической интеграции

Казахстан и Кыргызстан намерены вывести двустороннее сотрудничество на качественно...

Дорожная карта индустриализации

В прошлом году в Казахстане был принят Национальный проект...

Семь раз отмерь…

Как известно, Казахстан намерен построить атомную электростанцию, об этом...

Смаилов поручил ТЭЦ провести внеплановые проверки

Премьер-министр Алихан Смаилов поручил провести внеплановые проверки тепловых электростанций, передает...

Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды

Премьер-министр Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды, -...