12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Францияда туристер паромы украиналық босқындар үшін қонақүйге айналды

Франция билігі Марсельде украиналық босқындарды орналастырудың ерекше жолын тапты: жағалауда тұрған ескі туристік паромды босқындар қонақүйіне айналдыру шешімі қабылданды. Француздық БАҚ мәліметінше, онда 1 600-ге жуық адам қоныстана алады екен. Осылайша паром Франциядағы украиналық азаматтарды қабылдайтын ең ірі орталық болды. 

Corsica Linea-ға тиесілі ірі кемелердің бірі Méditerranée негізінде туристерді Франция, Алжир, Тунис сынды елдер арасында Балеар теңізі арқылы таситын. Су көлігі жылдамдығын сағатын 44 шақырымға дейін үдете алады және әр барған сайын 2 450 турист пен 700-ге жуық автокөлікті сыйдыра алады. 

Коронавирус пандемиясы кезінде, лайнер екі жылдай портта тұрып қалды, енді ол украиналық босқындардың уақытша баспанасы болмақ. Босқындарды жөнделген каюталарда орналастырады. Лайнер теңізге тек маусымда шығуы мүмкін. 

«Бізде моральдық тұрғыда жылы қарсы алу және қонақжайлылық таныту талабы бар. Бұл суда жүзетін қонақ үй олардың иелігінде болады, сонымен бірге әлеуметтік көмек, денсаулық сақтау, оқыту, балаларға білім беру, бала күтімі сынды жағдайлар жасалады. Ресейдің Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау бойынша арнайы операциясы басталғалы бері 3.9 миллионнан аса азамат Украинадан кетуге мәжбүр болды», – деді Францияның Прованс-Альпы-Көкшіл жағалау аймағының өкілі Кристоф Мирман.

Француз билігі Еуроодаққа босқындардың кіруіне уақытша рұқсат берген, соның арқасында босқындар білім алып, еңбек ете алады. 

Армения халқы Пашиняннің отставкаға кетуін талап етті

13 қыркүйекте Армения ұлттық жиналысы ғимаратының алдында премьер-министр Никол...

Ресей Киевтегі тұрғын үйлерге шабуыл жасады: Көз жұмғандар бар

Жексенбі күні таңертең ресейлік әскерилер Киевке әуеден соққы жасады. Жергілікті...

Ердоған президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынылды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған алдағы президенттік сайлауға қатысатынын...

БҰҰ-ның Бас хатшысы әлемге астық тапшылығы қаупі төніп тұрғанын ескертті

Украинадағы қақтығыс салдарынан тыңайтқыштардың қымбаттауы барлық негізгі дақылдардың тапшылығына...

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын өзгертті

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын түрік тіліндегі Türkiye...