Мәулен Әшімбаев қазақстандық аруларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан әйелдерін 8 наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті ханымдар! Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақ – ежелден ананы қадірлеген, қыз баласына ерекше құрметпен қараған халық. Отан-Ана, Жер-Ана, Ана тілі деп, өзіміз үшін ең қымбат, ең асыл құндылықтарды анамен байланыстыруымыз соның айғағы. Өйткені, ана – үйдің берекесін арттырып, шаңыраққа жылу сыйлайтын ең аяулы жан. Олар тек отбасының ғана емес, тұтас ұлттың ұйытқысы.

Қазіргі таңда елімізде әйелдер қауымының мемлекет және қоғам өмірінде алатын орны ерекше. Сіздер барлық маңызды салада нәтижелі еңбек етіп, елдіктің жүгін ер азаматтармен бірдей арқалап келесіздер. Шын мәнінде, аруларымыздың ақыл-парасаты мен ерік-жігері жұртты әрдайым алға жетелейді.

Бүгінде еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басып отыр. Мемлекет басшысының бастамасымен «Жаңа Қазақстан» құруды қолға алдық. Осындай аса маңызды кезеңде де нәзік жандарымыз белсенділік танытып, ел үшін еселі еңбек ететініне ешқандай күмәніміз жоқ.

Президентіміз атап өткендей, алдағы уақытта мемлекет тарапынан әйелдердің құқығын қорғау, оларға өз мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін тиісті жағдай жасау, көп балалы аналарға қолдау көрсету сияқты жұмыстар жалғаса береді. Бұл бағыт еліміз үшін қашанда маңызды басымдықтардың бірі.

Бүгінгі мейраммен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, құт-береке, шаттық пен бақыт және толайым табыс тілеймін! Мереке құтты болсын!»,-деп жазды Мәулен Әшімбаев.

«Сергек» енді самокатшыларды да бақылайды

Алматыда жол қозғалысы ережесін бұзған электр самокаттарына бақылау күшейтіледі

Баянауыл ұлттық паркінде орман өрті шықты 

Жасыбай орманшылығында шыққан өртті сөндіруге ұлттық парк пен ТЖД күштері жұмылдырылды. Оқиға орнына қосымша мамандар мен Ми-8 тікұшағы жіберілді.

Мектепте бағалау жүйесі өзгереді: Оқушылардың білімі енді қалай бағаланады? 

Қазақстанда 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау жүйесі өзгереді. Бұдан былай 1-4-сыныптарда бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) мен тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізілмейді.

Жаңа оқу жылының күнтізбесі: Оқушылар қанша күн демалады?

Жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027...