Украина президенті Владимир Зеленский Винница маңындағы әуежай Ресей әскери күштері ұшырған зымыран соққысынан кейін толығымен қирағанын мәлімдеді, — деп хабарлайды УНИАН.
«Маған қазір ғана Винницада зымыран соққысы жасалғаны айтылды — 8 зымыран. Біздің бейбіт Винницамыздың Ресейге ешқандай зияны жоқ еді. Зымыран соққысы қатты болды, әуежай толығымен қиарды. Олар біз, ата-анамыз, ата-әжелеріміз, украиналықтардың ұрпағы құрған инфрақұрылымымызды, өмірімізді жойып жатыр», — деді Зеленский видеоүндеуінде.
Ол күнде Украина аспапында тыныштық болғанын сұрайтынын айтты.
«Барлық ресейлік зымыран, ресейлік авиация, барлық террорист үшін жабыңыздар. Гуманитарлық әуе аймағын зымырандарсыз, әуе бомбаларынсыз жасаңыздар. Біз — адамбыз және адамдарды қорғау — сіздердің гуманитарлық міндеттеріңіз, ол сіздердің қолдарыңыздан келеді. Егер оны жасамасаңыздар, өзімізді қорғау үшін ұшақ бермесеңіздер тек бір қорытындыға келеміз — демек сіздер де ақырындап біздің көзімізді жоя бастағанын қалайсыздар. Бұл дүние жүзі саясаткерлерінің де, батыс басшыларының да жауапкершілігі. Бүгіннен бастап және біржола», — деді Зеленский.