12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ресейде төрт күннен бері Украинадаға соғысқа қарсы митингтер өтуде

Ресейде соғысқа қарсы митингтер төртінші күні жалғасуда. “Север.Реалии” басылымының мәліметінше, жексенбі күні кешке елдің 50 қаласында 2,5 мыңнан астам адам ұсталған. Полиция Мәскеуде 1198-ден астам, Санкт-Петербургте 800-ден астам тұтқындаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазіргі таңда Ресей астанасындағы уақытша тергеу изоляторлары адамдарға толып кеткен, ал Санкт-Петербургте автобус жетіспеушілігінен полиция тұтқындарды босатуға мәжбүр болған. 

Айта кетсек, ресейліктер Украинадағы соғысқа қарсы шерулерге 24 ақпаннан бастап шығуда. Әр күн сайын олар “Соғысқа жол жоқ” деген плакаттармен алаңға жиналуда. Дегенмен митингтер рұқсат етілмеген болғандықтан наразы тұрғындарды жаппай полиция ұстап әкетіп жатыр. 

Сурет: severreal.org сайтынан

БАҚ хабарлауынша, 27 ақпанда полиция шеруге шыққандарға қарсы ерекше қатыгездік көрсеткен. Тәртіп сақшылары бейбіт тұрғындарды ұрып, тіпті киімдерін жыртқан. Куәгерлердің сөзінше, құқық қорғау органдарының қызметкерлері алаңға жақындамастан дауыс шығарып, плакат аша бастаған әрбір адамды ұстап әкеткен. 

Төрт күн ішінде ұсталғандардың саны 5,5 мыңнан асып кеткен. 

Айта кетсек, Еуропаның қалаларында да Ресейдің озбырлығына қарсы митингтер өтуде. Адамдар жаппай жиналған митингтер Берлинде, Прагада, Парижде, Римде, Венада және басқа да қалаларда өткен. 

Армения халқы Пашиняннің отставкаға кетуін талап етті

13 қыркүйекте Армения ұлттық жиналысы ғимаратының алдында премьер-министр Никол...

Ресей Киевтегі тұрғын үйлерге шабуыл жасады: Көз жұмғандар бар

Жексенбі күні таңертең ресейлік әскерилер Киевке әуеден соққы жасады. Жергілікті...

Ердоған президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынылды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған алдағы президенттік сайлауға қатысатынын...

БҰҰ-ның Бас хатшысы әлемге астық тапшылығы қаупі төніп тұрғанын ескертті

Украинадағы қақтығыс салдарынан тыңайтқыштардың қымбаттауы барлық негізгі дақылдардың тапшылығына...

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын өзгертті

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын түрік тіліндегі Türkiye...