12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Құқықтық мемлекеттің тірегі – заң

«Заң – мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді сауыты» деген екен заманымыздың заңғар жазушысы Шерхан Мұртаза. Расында, құқықтық мемлекеттің тірегі – заң. Зайырлы, өркениетті ел азаматтарының заң алдындағы құқығы тең. Әділдік пен тазалықтың, қауіпсіздік пен туралықтың кепілі болған заңдардың сауатты жасалуына, тиянақты дайындалуына барлық мемлекеттің ерекше мән беретіне сондықтан. Біздің елімізде де заңдарды сапалы әзірлеп қоймай, құжаттарды заманның талап-тілегіне сай толықтырып, жаңғыртып отыруға да барынша басымдық береді. Сондай маңызды өзгерістің бірі былтырғы жылдың соңында жасалған еді.

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы жылдың желтоқсан айында қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң сондай ел мүддесіне, ел игілігіне қызмет ететін маңызды құжаттың бірі. Жаңа заңның қабылдануына орай бұған дейін қолданыста болған көптеген заң, кодекстерге өзгерістер енгізілді. Соның ішінде Азаматтық процестік кодекс те бар.

Кодекстегі негізгі жаңашылдық «Сотқа дейінгі хаттама» деп аталатын жаңа институттың қолданысқа енгізілуімен байланысты. Бұл өзгерістер тараптар арасындағы даудың сот процестерінсіз, яғни соттан тыс тәртіппен шешудің тағы бір мүмкіндігін тудырып отыр. Жаңа өзгеріс оң нәтиже беруі үшін заңның маңызын, мәнін түсіндіріп, халықтың құқықтық сауатын арттыру бағытында кешеді жұмыстар қолға алынуы керек. Бүгінде сот құрылымының қызметкерлері ақпараттандыру бойынша ауқымды іс-шараларды қолға алып, жаңа өзгерістер туралы талдамалы мақалалар жазып, сұхбаттар беруде.

Ең алдымен халыққа «Сотқа дейінгі хаттаманың» мәнін түсіндірген дұрыс. Азаматтық процестік кодексте дәйектелгендей, сотқа дейінгі хаттамада тараптар бір-біріне сотқа келтірген дәлелдемелерді  ұсынуы тиіс.

АПК-ның 73-бабы 1-бөлігінің жаңа редакциясында көрсетілгендей: «Дәлелдемелерді тараптар және іске қатысатын басқа да тұлғалар бірінші сатыдағы сотқа олар сотқа дейінгі хаттаманы жасай отырып, талап қоюды қабылдаған кезде ұсынады. Онда тараптардың және іске қатысатын басқа да тұлғалардың олар өздерінің талаптарының немесе қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасауға және істі сотта қараған жағдайда оларды пайдалануға ниет білдірген дәлелдемелерді ашу, ұсыну және алмасу бойынша әрекеттері көрсетіледі» делінген. Яғни, сотқа дейінгі хаттама тараптардың соттағы талаптарын ашық, анық көрсетіп, дәлелдерін ұсынуы құралы. Тараптар бір-бірінің хаттамасында көрсетілген дәлел-дәйектермен танысып, әрекет жасайды. Бұл олардың өз мүмкіндіктерін пайымдауына, ортақ келісімге келуіне ықпалын тигізеді.

Аталған баптың екінші бөлігінде сотқа дейінгі хаттаманы жасамаудың салдары да көрсетілген. Соған сәйкес тараптар сотқа дейінгі хаттамада көрсетілген дәлелдемелерге ғана сілтеме жасауға құқылы. Яғни, егер тараптар мұндай құқықты пайдаланбаса, онда сот отырысында олардың дәлелдемелерді ұсыну құқығы шектеледі. Осыдан кейін олар дайындық кезінде дәлел келтірмеу себебін дәлелдеуге мәжбүр болады. Алайда, бұл қосымша дәлелдемелер кейін мүлде қабылданбайды дегенді білдірмейді. Егер тараптар дәлелдемені істі сот талқылауына дайындау сатысында ұсынуға мүмкіндігі болмағанын негіздей алса, дәлелдемелер сот талқылауы сатысында және апелляциялық сатыдағы сотқа да ұсынуы мүмкін.

Сотқа дейінгі хаттама ең алдымен тараптардың өз мүмкіндігін саралап, салмақтауға үйретеді. Екіншіден, бұл жаңашылдық тараптарды тәртіпке келтіреді. Сонымен бірге, азаматтардың сотқа шағым бергенге дейінгі дәлелдемелер жинау ісіне жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.

Маржан Сұранчиева,

Алматы қаласы Әуезов аудандық №2 сотының судьясы

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің маңызы

Тіл – әр ұлттың негізі. Ұлттың ұлт ретінде сақталуы...

Мемлекеттік тілде сөйлеу баршаға міндет

Мемлекеттік тіл ел тәуелсіздігін айқындайтын негізгі белгілердің бірі. Қазақ тілінің...

Мемлекеттік қызмет жүйесінің қалыптасуы мен дамуы

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекеттік қызмет жүйесін қалыптастыру қажеттілігі...

Медиация – бейбітшіл елдің басты миссиясы

Қазақстан – әлемде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдайтын, көптеген дау-жанжалды...

Жазаны қатаңдату арқылы жауаптылық көтеріледі

Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады...