12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тараптарды татуластыру – оңтайлы тәжірибе

2021 жылғы 20 желтоқсанда «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданып, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекске енгізілген өзгертулерге сәйкес, соттан тыс тәртіппен жасалған алимент төлеу туралы келісімді тек нотариустар ғана емес, медиаторлар, адвокаттар, заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын тұлғалар да жасай алады. Яғни, сотқа жүгінбей-ақ, ерлі-зайыптылар осы көрсетілген тұлғалардың көмегімен алимент төлеу жөнінде жазбаша нысандағы келісім жасауларына болады. Болашақта әр тарап келісімде көрсетілген міндеттерін орындамаған жағдайда ғана, осы келісімді сотпен заңдастыруға мүмкіндіктері бар. Бұл жаңашылдық тараптардың арасындағы жылы қарым-қатынасты сақтап қалуға, уақыттарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылардың некені бұзу туралы арызы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркейтін органға қайта бергеннен кейін, олардың біреуі осы органға келе алмаса, оның нотариатта куәландырған келісімі болған кезде некені бұзу ол болмағанда жүргізілуі мүмкін.
Бұл заңдағы өзгеріс ерлі-зайыптылардың бірге тұрған уақытта алынған ортақ дүние-мүліктерін бөлісу жөнінде және өзге де даулары болмаған кезде және олардың әр түрлі елді мекендерде тұрып, некені бұзу туралы арызды тіркейтін органға бірге барып беруге мүмкіндіктері болмайтын азаматтар үшін жақсы жаңалық. Азаматтық процестік кодекске енгізілген өзгертулер мен толықтырулардың ішіндегі ең ерекшеленгені – ол сотқа дейінгі хаттаманы жасау. Яғни, судья татуластыру рәсімдерін жүргізуге болатын санаттағы істер бойынша талап қою келіп түскен кезде келесі күннен кешіктірмей тараптарға сотқа дейін немесе соттан тыс дауды реттеуге болатынын көрсетіп, сотқа дейін хаттаманы толтыруға ұсына отырып, татуластыру шараларын өткізу жөнінде шақырту немесе хабарлама жолдайды. Сотқа дейінгі хаттамада тараптардың және іске қатысатын басқа да тұлғалардың олар өздерінің талаптарының немесе қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасауға және істі сотта қараған жағдайда оларды пайдалануға ниет білдірген дәлелдемелерді ашу, ұсыну және алмасу бойынша әрекеттері көрсетіледі.
Татуласу рәсімдері жүргізілген кезде талап қоюды қабылдау ол келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Егер тараптар сотқа дейінгі хаттаманы жасаса, онда талап қоюды қабылдау ол келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген мерзімдердің ішінде татуластырушы судьяның дауды тараптарды татуластыру арқылы шешу үшін бірнеше рет шақыруына, әңгімелесу жүргізуіне болады. Тағы бір ескеретін жаңалық, ол – оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібі АПК-нің 21-1-тарауына көшіріліп, бұл өндірісте қаралатын істер санатының ауқымы кеңейді. Оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралатын істер бойынша, іс қозғалғанға дейін тараптар татуластыру рәсімдеріне қатыса алады, сотқа дейінгі хаттаманы жасай алады. Егер де белгілі себептермен іс қозғалғанға дейін тараптар татуластыру рәсімдеріне қатыса алмаса, іс қозғалып қойғаннан кейін, келесі жұмыс күнінен кешіктірмей сотпен тараптарға, олардың татуластыру рәсімдері шеңберінде дауды реттеуге құқығы туралы, сондай-ақ, осы кодекстің 73-бабының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес дәлелдемелерді өзара ашу және ұсыну құқығы туралы көрсете отырып хабарлама жіберіледі.
Егер хабарламаны алғаннан кейін тараптар татуласуға ниет білдіріп жатса, сот жекелеген процестік әрекеттерді жүргізуге құқылы. Жекелеген процестік әрекеттер жүргізілгеннен кейін оңайлатылған іс жүргізуді одан әрі жүзеге асыру қосымша ұйғарымдар шығарылмастан жалғасады. Істі оңайлатылған іс жүргізуде қараумен келіспеген тараптар – хабарламаны алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде сотқа дауды талап қою ісін жүргізу қағидалары бойынша жалпы тәртіппен қарау туралы өтінішхат, ал жауапкер құжаттар мен дәлелдемелерді қоса бере отырып, талап қоюға пікір (қарсылық) ұсынуға құқылы.
Судья оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен істерді талап қою қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде қарайды. Яғни, бұл іс жүргізуде де сотқа тараптарды татуластыру үшін де бірнеше мүмкіндік берілген.

Г.Бекежанова,
Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық сотының судьясы

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің маңызы

Тіл – әр ұлттың негізі. Ұлттың ұлт ретінде сақталуы...

Мемлекеттік тілде сөйлеу баршаға міндет

Мемлекеттік тіл ел тәуелсіздігін айқындайтын негізгі белгілердің бірі. Қазақ тілінің...

Мемлекеттік қызмет жүйесінің қалыптасуы мен дамуы

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекеттік қызмет жүйесін қалыптастыру қажеттілігі...

Медиация – бейбітшіл елдің басты миссиясы

Қазақстан – әлемде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдайтын, көптеген дау-жанжалды...

Жазаны қатаңдату арқылы жауаптылық көтеріледі

Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады...