Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов ұсталды — Бас прокуратура

Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ақпаратты Бас прокуратураның баспасөз қызметі растады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты Қылмыстық кодекстің 452-бабы, қызметтегі әрекетсіздік дерегі бойынша соталды тергеуді бастады.

2022 жылдың 20 ақпанында осы қылмысты жасады деген күдікпен Бектанов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген хабарламада.

Тергеу мүддесіне сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, Президент 19 қаңтарда Бектановты сынға алып, қызметінен босатқан болатын. Тоқаевтың айтуынша, Мұрат Бектанов Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезеңінде командир ретінде қабілетін көрсете алмаған.

Әскерден қашқандар үшін жаңа шектеулер қарастырылып жатыр 

Қазақстанда әскерге шақыру жүйесі жетілдіріледі.

Қазақстанның 17 облысына дауылды ескерту жарияланды

24 сәуірде Қазақстанның 17 облысына дауылды ескерту жарияланды.

Қазақстанда ана өлімі 35%-ға төмендеді – ДСМ 

Соңғы бес жыл ішінде Қазақстанда ана өлімі 35%-ға азайды.

Еуроодақ санкциясының 20-пакетіне Қазақстан компаниясы да ілікті 

Еуропалық Одақ Кеңесі Мәскеуге қарсы санкциялардың жаңа пакетін жариялады.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы отандастарымызды Ұлттық кітап күнімен құттықтады.