12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Электр энергиясын өндіру көлемі 13,5 пайызға артты

2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы

жағдай бойынша Қазақстандағы электр

энергиясы мен көмір нарығын талдау                                                                        15.02.2022 ж.

«Самұрық-Энерго» АҚ Энергия өндіруші ұйымдарының өткен жылы электр энергиясын өндіру көлемі 2020 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткіштерімен салыстырғанда 13,5 пайызға артып, 35 609,3 млн.кВтс құрады. Бұл туралы Компанияның сайтында жарияланған 2021 жылғы қаңтар – желтоқсан кезеңінде Қазақстанда өндірілген электр энергиясы мен көмір нарығының талдауы туралы есепте айтылды.

Жалпы, талдауға сәйкес, Жүйелік оператордың деректері бойынша, ҚР-ның барлық электр станциялары 2021 жылы 114 447,9 млн. кВтс электр энергиясын өндірді, бұл 2020 жылғы ұқсас кезеңнен 5,8% — ға артық. Қазақстанның Бірыңғай энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) барлық аймақтарында өндірудің өсуі байқалды.

Сонымен қатар, 2021 жылы 2020 жылғы қаңтар-желтоқсан көрсеткіштерімен салыстырғанда республиканың электр энергиясын тұтыну динамикасында 6% — ға өсу байқалды. Мәселен, республиканың солтүстік аймағында тұтыну 5% — ға, оңтүстігінде 9% — ға және батысында 7% — ға өсті.

2021 жылы 111 742,4 мың тонна тас көмір өндірілді, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (109 227,6 мың тонна) 2,3% — ға артық.

Осы кезеңде «Самұрық-Энерго» электр энергетикалық холдингінің құрылымындағы көмір өндіруші компания «Богатырь Көмір» ЖШС, 44 632 мың тонна көмір өндірді, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5% — ға артық (44 436 мың тонна). Бұл үстіне 2021 жылы «Богатырь Көмір» ЖШС 44 848 мың тонна көмір сатты, оның ішінде ішкі нарыққа 34 939 мың тонна босатылды, экспортқа (РФ) — 9 802 мың тонна жіберілді. 2021 жылы көрсеткіштері бойынша, 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда «Самұрық-Энерго» АҚ-да көмір сатудың 2,5% — ға өскені байқалады.

Нарықты талдауға сәйкес, ҚР ЖЭК-ті (КЭС, ЖЭС, БГС, шағын ГЭС) пайдалану объектілерінің электр энергиясын өндіру көлемі 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда 4 220,3 млн.кВтс құрады. 2020 жылғы қаңтар-желтоқсан кезеңімен салыстырғанда өсім 30,1% — ды құрады.

«Самұрық-Энерго» АҚ ЖЭК объектілерінің (КЭС, ЖЭС, шағын СЭС) электр энергиясын өндіруі 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда 325,3 млн.кВтс немесе ҚР-да ЖЭК объектілері өндіретін электр энергиясы көлемінің 7,7% — ын құрады.

2021 жылғы қаңтар – желтоқсан аралығындағы Қазақстандағы электр энергиясы мен көмір нарығын талдау туралы толық ақпаратпен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.samruk-energy.kz/ru/press-center/analytical-review#2021

 «Самұрық-Энерго» АҚ — Қазақстандағы ең ірі электр энергетикалық холдинг, оның акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі. 2007 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын беру, бөлу және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдинг құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары, оның ішінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Мойнақ ГЭС» АҚ, «Шардара ГЭС» АҚ және т. б. кіреді.

______________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Баспасөз қызметі.

Тел: 8(7172) 55-30-62; 8 (7172) 55-30-66

r.tasbulatov@samruk-energy.kz    

Укрепление экономической интеграции

Казахстан и Кыргызстан намерены вывести двустороннее сотрудничество на качественно...

Дорожная карта индустриализации

В прошлом году в Казахстане был принят Национальный проект...

Семь раз отмерь…

Как известно, Казахстан намерен построить атомную электростанцию, об этом...

Смаилов поручил ТЭЦ провести внеплановые проверки

Премьер-министр Алихан Смаилов поручил провести внеплановые проверки тепловых электростанций, передает...

Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды

Премьер-министр Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды, -...