Тоқаев Ресейге екі күндік жұмыс сапарымен барады

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен 10-11 ақпанда Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қасым-Жомарт Тоқаев 10 ақпанда Мәскеуде Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Мемлекет басшылары кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты стратегиялық серіктестіктің даму бағыттарын қарастырады», — делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы 11 ақпанда Қазанда Татарстан президенті Рустам Миннихановпен кездесіп, республикадағы бірқатар ірі кәсіпорынды аралайды.

Қазақстандағы Құрылтай сайлауына халықаралық байқаушылар қандай баға берді? 

Орталық сайлау комиссиясының алаңында халықаралық байқаушылар Қазақстандағы Құрылтай депутаттарының сайлауына баға берді.

Шетелдегі барлық сайлау учаскесі жұмысын аяқтады 

61 мемлекетте дауыс берген Қазақстан азаматтарының жалпы саны 9 623 адамды құрады.

Құрылтай сайлауы: Алғашқы exit poll нәтижелері жарияланды 

Еуразиялық интеграция институтының мәліметінше, exit poll Қазақстанның 20 өңіріндегі 200 сайлау учаскесінде жүргізілген.

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді 

Қаладағы медициналық ұйымдардың мәліметінше, жаңа туған нәрестелердің 14-і – ұл, 11-і – қыз.