Тоқаев тағы кедендегі «былық» туралы айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағы кедендегі «былық» туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президенттің айтуынша, кеден бекеттеріндегі қордаланған мәселелерді жедел шешу қажет.

«Тағы да қайталап айтамын: ондағы былықты жөнге келтірмесе, салдары қиын болуы мүмкін. Қытайдың статистикасы мен біздегі көрсеткіштің айырмасы 5,7 миллиард доллар болуы — соның дәлелі. Қазір Қытаймен арадағы кеден бекетінде 12 мыңнан астам көлік электрон кезекте тұр. Құзырлы экономикалық операторлардың заңсыз іс-әрекеті туралы бұған дейін де айттым. Олар кеденнен және басқа да бақылау органдарынан соншама жеңілдікті қалай алып отыр? Не себепті бұл мәселе назардан тыс қалған? Бұл сұрақтарға 10 күн ішінде нақты әрі толық жауап күтемін», — деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Бұған дейін Президент Қытаймен шекарада көліктер тексерілмейді, салық пен баж салығы төленбейді деп мәлімдеген болатын.

Елімізде жәрдемақы мен оны тағайындау шарты бекітілді

Үкіметтің 2026 жылғы 5 қазандағы қаулысы жәрдемақы тізімі және оны тағайындау, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату шарты, жерлеу төлемін бір рет тағайындау шарты бекітілді.

Қазақстандықтардың 71 пайызы ауырғанда бірінші ЖИ-ден кеңес сұрайды 

Қазақстандықтардың 94 пайызы ауырған кезде алдымен өз бетінше емделуге әрекет етіп көреді.

Елімізде көпқабатты үйлерге өрт сөндіру техникасының кіру талаптары күшейтілді 

Қазақстанда көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің өрт қауіпсіздігіне қатысты жаңа талаптар белгіленді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды 

Әуежайда Қазақстан Президентін Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов қарсы алды.

Алматыда жылуды 9 қазаннан бастап қосады

Алматыда биыл жылу қосу маусымы 9 қазанда басталады. Алайда әкімдіктің хабарлауынша, тұрғын үйлерге жылу бірден қосылмайды.