Импорттық ескі-құсқы көліктер үшін нарық ашуға болмайды — Тоқаев утильалым туралы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Автокөлікке және ауыл шаруашылығы техникасының утильалымы туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы утильалым мөлшері қайта қаралатынын атап өтті, бірақ, Тоқаевтың ойынша, бұл мәселеде шектен шығудан аулақ болу керек.

«Барлық қаражат мемлекетке түседі. Енді мөлшерлемені анықтау қажет. Жұмыс тобы бұл мәселені белсенді талқылап жатыр. Бірден айта кету керек, утильалымды қайта қарастырамыз. Бірақ шектен шығудан аулақ болу керек, автоөнеркәсіпті дамытуға жұмсалған ақшаны желге шашып, ашық импорттық ескі-құсқы көліктер үшін өз нарығыңызды ашуға болмайды», — деді ол.

Президент мақсат қайта өңдеу немесе тіркеу алымының өзі емес екенін айтты. Тоқаевтың сөзінше, ең бастысы — тұтынушылар үшін автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникасының қолжетімді болуы.

«Мен өндірушілер мен дистрибьюторлардың реакциясын күтемін. Үкіметтің алдын ала баяндамасы оның дұрыс жолда екенін көрсетеді», — деді Мемлекет басшысы.

Домбыраны ұшаққа алып кіру ережесі қаралып жатыр  

Музыкалық аспаптарды қол жүгінде немесе багажда тасымалдау ережесі олардың көлеміне байланысты белгіленеді.

642 млн теңге берешек: Еңбек инспекциясы жұмысшылардың құқығын қалай қорғайды? 

2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республикадағы 140 кәсіпорында 1,1 мыңнан астам жұмыскер алдында 642 млн теңгеден асатын жалақы берешегін анықтады.

Алтын екі айда 15 пайыздан астам арзандады 

Ең үлкен құлдырау – шамамен 11 пайыз наурыз айында тіркелген.

Елімізде 1 мамырдан бастап не өзгереді? 

Қазақстанда бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау процесін оңтайландыру мақсатында маңызды өзгерістер енгізілді.

Право в режиме ожидания

В СЕНАТЕ ПРЕДЛАГАЮТ УСИЛИТЬ МЕРЫ ПО ОБЕСПЕЧЕНИЮ ЖИЛЬЕМ ДЕТЕЙ-СИРОТ,...