Тоқаев шетелге шығарылған қаражатты қайтару жоспарын әзірлеуді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке шетелге заңсыз шығарылған ақшаны қайтару бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Үкіметке екі ай мерзім ішінде шетелге заңсыз әкетілген қаржыны және онда сатып алынған активтерді елге қайтару жөнінде ұсыныстар беру тапсырылады. (…) Адал еңбек, әділ сыйақы идеологиясы компрадорлар (шетелдік капитал мен дамушы елдің ұлттық нарығы арасында делдал болған кәсіпкер — еск.), уақытша жұмыс істейтіндер дүниетанымын алмастыруы керек. Бұл әлеуметтік-экономикалық аспектілерге, мемлекеттік саясат мәселелеріне, ұлттық бірегейлік пен жастарды тәрбиелеуге әсер ететін Үкімет пен қоғамның ортақ міндеті», — деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент бизнестен салық төлеуде адалдық пен әлеуметтік жауапкершілік талап етілетінін айтты.

«Мұндай тәсілдің бір көрінісі – «Қазақстан халқына» қорына қайырымдылық. Мен бұған дейін де айттым және бүгін де қайталаймын, оны құру негізінен ірі ұлттық буржуазияның есебінен жүруі керек, дегенмен басқа компаниялардың, соның ішінде шетелдік инвесторлардың салымдары, әрине, құпталады.

Мен тағы да айтамын — бұл мәжбүрлеу емес. Табысты компаниялар мен азаматтардың ұлттық игілікті мақсаттарға қаражат бөлуіне мүмкіндік», — деп қосты ол.

Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды  

Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты жүргізілген эвакуация басталғалы бері 8585 қазақстандық елге қайтарылды.

Қазақстанда биыл қанша баспана салынатыны белгілі болды 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында елдегі тұрғын үй құрылысының көрсеткіштері туралы баяндама жасады.

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сарапшы Қазақстанға төнетін қауіп жайлы айтты 

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі және Әзербайжанның Нахичевань қаласындағы әуежай аумағына ұшқышсыз ұшу аппаратының құлауы өңір елдеріне төнуі мүмкін қауіптерді қайтадан күн тәртібіне шығарды.

Қазақстанда күн күрт суытып, аяз -30 градусқа дейін жетеді

Қазақстанның бірнеше өңірінде 10–11 наурыз күндері ауа температурасы күрт төмендейді. Синоптиктердің болжамынша, түнде кей жерлерде минус 30 градусқа дейін суытуы мүмкін.

Қазақстанда әйелдер көп пе, ерлер ме? Ресми статистика жарияланды 

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросының соңғы деректері еліміздегі әйелдер мен ерлердің санына қатысты нақты мәліметтерді ұсынды.