Тоқаев «Алтын Орда» базарында тәртіп орнатуды тапсырды

Президент екі бірдей әкімге (Алматы және Алматы облысы) Үкіметпен бірлесіп «Алтын Орда» базарында тәртіп орнатуды тапсырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Тағы бір мәселені айтқым келеді. Тиімсіз сауда делдалдығын тоқтататын кез келді. Мысалы, Алматыда тұратын 3 миллион адам көп жағдайда «Алтын Орда» базарынан тауар сатып алады. Алматы мен Алматы облысының әкімдеріне Үкіметпен бірлесіп, осы базарда тәртіп орнатуды тапсырамын», — деді Мемлекет басшысы.

«Бұл жер пайдакүнемдер үшін нағыз «нан табатын орынға» айналды, оны Алматыдағы қаңтардағы оқиғалар кезінде анық көрдік. Бұл басқа аймақтарға да қатысты. Қажет болса, бұл жұмысқа құқық қорғау органдары тартылуы тиіс», — деді Президент.

Қазақстандағы Құрылтай сайлауына халықаралық байқаушылар қандай баға берді? 

Орталық сайлау комиссиясының алаңында халықаралық байқаушылар Қазақстандағы Құрылтай депутаттарының сайлауына баға берді.

Шетелдегі барлық сайлау учаскесі жұмысын аяқтады 

61 мемлекетте дауыс берген Қазақстан азаматтарының жалпы саны 9 623 адамды құрады.

Құрылтай сайлауы: Алғашқы exit poll нәтижелері жарияланды 

Еуразиялық интеграция институтының мәліметінше, exit poll Қазақстанның 20 өңіріндегі 200 сайлау учаскесінде жүргізілген.

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді 

Қаладағы медициналық ұйымдардың мәліметінше, жаңа туған нәрестелердің 14-і – ұл, 11-і – қыз.