12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Бұлтартпау шараларын санкциялаудың кейбір мәселелері

 Қазақстан Республикасының Конституциясының 16-бабына сәйкес әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар, ал заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады делінген.

Осыған сәйкес қылмыстық процесте азаматтардың (адамның) құқықтарының бұзылмауын қамтамасыз ету мақсатында іс жүргізу заңнамасында тұлғаның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын шектейтін тергеу әрекеттері мен бұлтартпау шараларының сотпен санкциялануы көзделген.

Қолданыстағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процесстік кодексіне сәйкес бұлтартпау шарасын санкциялау тергеу судьяларының құзыретіне жатады.

Ал, Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы №620 Жарлығымен облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында мамандандырылған (ауданаралық)тергеу соттары құрылды.

Тергеу сотының құрылудағы негізгі мақсаттарының бірі – азаматтарға (адамдарға) Конституциямен кепілдік берілген құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету және сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттерінің заңдылығын қадағалау болып табылады.

Бұлтартпау шараларын санкциялаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2020 жылғы 24 қаңтардағы №1 Нормативтік қаулысында бұлтартпау шараларын санкциялаудың сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында кеңінен түсіндірмелер берілген.

Сондықтан, сот практикасының біркелкілігін қалыптастыру әрбір тергеу судьясымен шығарылған сот актісінің аталған нормативтік қаулыда көрсетілген түсіндірмелердің дұрыс қолдануынан жүзеге асады.

Ал, ағымдағы жылы Жоғарғы Сотпен қабылданған Нормативтік қаулысы еліміздің барлық тергеу судьяларымен бұлтартпау шарасын қолдану барысында сот практикасының біркелкілігін қалыптастыруына үлкен ықпалын тигізіп, шығарылған сот актісінің заңды әрі әділ болуына үлкен үлесін қосатынына сенемін.

 

 

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 сотының аға сот приставы Руслан Нұрланұлы.

 

Сот жүйесінің имиджін қалыптастырудың маңызы

Сот жүйесінің имиджі құқықтық мемлекеттің тиімді қызмет етуінің негізгі...

Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттің беделін...

Мемлекеттік тіл және сот төрелігі

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің құқықтық, саяси және рухани негізін...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғам дамуының кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекетке деген...

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...