12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Судьялар съезі сот жұмысын ілгерілетті

Республика судьяларының басын қосатын келелі жиынның өтуіне де санаулы уақыт қалды. Судьялардың ҮІІІ съезі биыл қараша айының 23 жұлдызына жоспарланып отыр. Әр съезд араға төрт жыл уақыт салып өтетіні белгілі. Содан болса керек, бұл алқалы басқосуды әріптестеріміз үлкен қызығушылықпен күтіп отыр.

Бұл съездің бұған дейін ұйымдастырылған съездерден өзіндік ерекшелігі бар. Себебі басқосу бұрынғыдай елорда төріне республика судьяларын жинамайды. Съезд заманауи технологияның мүмкіндігін пайдалана отырып, онлайн режимінде ұйымдастырылмақ. Мұндай өзгеріске әлемді алаңдатқан коронавирус пандемиясы әсер еткен. Коронавирустың қаншалықты қауіпті, залалды індет екеніне осы күнге дейін бәріміздің көзіміз жетті. Осы дерттің тырнағына ілініп арамыздан кеткен әріптестеріміз де баршылық. Ал енді пандемияның алдын алып, қатерлі дерттің тарауына жол бермеу үшін съездің онлайн режимінде өтуі дұрыс шешім.

Үлкен жиындарды онлайн режимінде өткізуге Жоғарғы Соттың әлеуеті де, жағдайы да жетеді. Бұған республика соттарының жаңа технологияны игерудегі белсенді әрекеттері оң ықпалын тигізгені анық. Сот жұмысына электрондық қызметті енгізу, заманауи технологияны меңгеру қажеттігі республика судьяларының әрбір съезінде күн тәртібіне шығарылған басым бағыттардың бірі болатын. Соның нәтижесінде еліміздегі сот мәжіліс залдарының барлығы дыбыс-бейнежазу құрылғыларымен жабдықталды. Мұның да пайдалы жағы аз емес. Сот отырысының таспалануы сот хатшыларын хаттама толтыру машақатынан құтқарды. Сонымен бірге, судьядан бастап, барлық сот қатысушыларын іске үлкен жауапкершілікпен қарауға итермеледі. Бұл өзгеріс суьяларға қатысты арыз-шағымның да азаюына алып келген болатын. Өйткені, отырыс толық таспаланатындықтан кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екенін анықтау оңай.

Бұдан бөлек, заманауи технология істердерді судьяларға автоматты түрде бөлуге, талап-арыз, өтініштерді «Сот кабинеті» бірыңғай сервисі арқылы сот ғимаратына арнайы келмей-ақ үйде, кеңседе отырып жолдауға мүмкіндік берді.  Алғашында жаңашылдыққа тосырқай қараған азаматтар қазір жаңа технологияның жұмысты жеңілдетіп, уақыт пен қаржыны үнемдеуге көмектесетінін айтып, ризашылықтарын білдіріп жүр.

Дыбыс-бейне байланыс конференциясын енгізу мәселесі де алғаш рет судьялар съезінің мінберінде көтерілгені есімізде. Осы тұста да қарапайым азаматтарды былай қойғанда, суьялар мен сот мамандарының өзі шалғайдағы ауданда тұратын азаматтар қалай сот отырысына қатысып, пікірін білдіреді деп күмәнданған болатын. Ал уақыт өте келе дыбыс-бейнебайланыс конференциясы арқылы түзеу мекемелерімен байланыс орнатылып, сот залына айыпты азаматты әкелмей-ақ істі қарауға мүмкіндік туды. Артынша шетелде жүрген, шалғай ауанардағы куәгерлермен тілдесу жолға қойылды. Осының бәрі қазақстандық соттың электрондық қызметті мінсіз меңгеруіне көмектесті. Міне осындай даму сатысынан өткендіктен діл қазіргідей сын сағатта сот жүйесіне процестері қашықтан жүргізу еш қиындық келтірген жоқ. Бұл съездерде көтерілген мәселелердің сот саласын жаңа биікке жеткізгенін дәлелдейді. Алдағы съезде де үшінші биліктің беделін кқтеруге ықпал ететін тетіктер талқы тақырыбына айналады деп сенеміз.

Талғат Мақұлов,

Алматы қаласы Алатау аудандық сотының судьясы

 

Электрондық сервистердің ауқымын кеңейтуге басымдық берілуде

Сот әкімшілігі – сот жұмысының дұрыс ұйымдастырылуына, сапалы атқарылуына...

Алқабилерге де жауапкершілік бар

Сотқа алқабидің міндеттерін атқару үшін дәлелсіз себептермен келмеген азаматтың...

Татулық — ел тірегі

Татулық – қоғамның негізі, халықтың рухын көтеретін, мемлекетіміздің тұрақтылығы...

Алимент төлеуден жалтарғандарға жаза қандай

Кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақстан...

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...