12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ӨТІНІШ БЕРУДЕН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ КӨШ БАСТАП ТҰР

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ (БҰДАН ӘРІ – ТЖ) КЕЗІНДЕ КІРІСТЕН АЙЫРЫЛУҒА БАЙЛАНЫСТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНАН (БҰДАН ӘРІ – МӘСҚ) 4 МЛН 146 МЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ. ОНЫҢ ІШІНДЕ АЛҒАШҚЫ АЙДА – 3 МЛН 727,5 МЫҢ, ЕКІНШІ АЙДА — 418.5 МЫҢ.

23 сәуірдегі жағдай бойынша 42 500 теңге төлемге 8 млн 21 мың адам өтініш берді. Бірегей өтініш беруде Алматы облысы көш бастап тұр. Бұл өңірде 1 млн 44,8 мың адам өзіне көмек сұрап, оның 603,4 мыңына төлем тағайындалған. Түркістан облысында 998,9 мың адам өтініш беріп оның 496,1 мыңы, Алматы қаласында көмек қажет деген 896,2 мың адамның 403,1 мыңы жәрдемақыға қол жеткізген.
Қор қоржынына түскен 3 млн 585 мың өтінім бойынша 42 500 теңге тағайындаудан бас тартылды, себебі
олар ТЖ кезінде табыстың жоғалуына байланысты МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемді тағайындау қағидаларына
сәйкестігін тексеруден өтпеген. Бас тартуға бірнеше себеп түрткі болған. Соның ішінде өтініш берушінің жеке деректерінің дұрыс көрсетілмеуі; банктік шот нөміріндегі қателік; өтініш берушіде тұрақты жалақының болуы (оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері); төтенше жағдай енгізілгенге дейін ресми жұмыс жасамауы; өтініш беруші үшін төтенше жағдай режимін енгізгенге дейін соңғы 12 ай ішінде міндетті әлеуметтік аударымдардың, зейнетақы жарналарының жүргізілмеуі.
БЖТ төлемеудегі басты себептердің бірқатары. Сондай-ақ, өтініш берушілер арасында қайтыс болған
немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткендердің табылғанын да айта
кеткен жөн. Әлеуметтік төлем алуға өтінім eGov порталы, 42500.enbek.kz веб-сайты және https://t.me/Help42500Bot адресі бойынша Telegram-бот арқылы қабылданғаны мәлім. Барынша жеңілдетілген бұл желілер азаматтардың әлеуметтік төлемді қиындықсыз алуына септігін тигізді. Сондай-ақ, өтініштің қаралу статусын 42500. enbek.kz сайтында тексеруге болатыны да қолайлы қадамның бірі. МӘСҚ-та төлем жасау туралы шешім қабылданғаннан кейін өтініш берушіге SMS-хабарлама келеді. Кейіннен өтініш берушінің деректері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға жіберіледі, ол оны екінші деңгейдегі банктерге төлем жүргізу үшін жібереді. Қолданыстағы қағидаларға сәйкес ТЖ кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты табысынан айырылған жағдайда бір адамға МӘСҚ-тан айына 42 500 теңге мөлшерінде берілетін әлеуметтік төлем келесі санаттарға:
– жеке кәсіпкерлерге, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы
қызметкерлеріне;
– карантин енгізілген елді мекендерде қызметін жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;
– мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, коммерциялық емес заңды тұлғалардың жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;
– жеке практикамен айналысатын адамдарға (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор);
– ҚР Салық кодексінің 774-бабына сәйкес, бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке
тұлғаларға;
– азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдарға тағайындалады. 1 және 2-тармақшалар ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне қатысты емес.
К.ЫСҚАҚОВА,
«Заң газеті»

[ratings]

Укрепление экономической интеграции

Казахстан и Кыргызстан намерены вывести двустороннее сотрудничество на качественно...

Дорожная карта индустриализации

В прошлом году в Казахстане был принят Национальный проект...

Семь раз отмерь…

Как известно, Казахстан намерен построить атомную электростанцию, об этом...

Смаилов поручил ТЭЦ провести внеплановые проверки

Премьер-министр Алихан Смаилов поручил провести внеплановые проверки тепловых электростанций, передает...

Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды

Премьер-министр Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды, -...