12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

АХҚО-да Ағылшын мен Қазақстан заңнамасы қалай үйлесім тапты?

«Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) азаматтық қатынас құқықтары ағылшын құқығына сүйенетіні белгілі. Ағылшын құқығы дегеніміз – Англия мен Уэльстің құқығының қағидаттары, нормалары мен прецеденттері. Бірден айта кетерлігі, бұл азаматтық қатынасқа ғана қатысты, ал әкімшілік және қылмыстық құқықтар ҚР Конституциясы мен заңнамасына сүйенеді. Әрине, ағылшын заңнамасына сүйенген азаматтық қатынастар да Қазақстанның заңдарына қайшы келмейтіні анық. Оның үстіне, АХҚО-ның заңнамасы тұтастай ағылшын құқығының көшірмесі емес. Ағылшын құқығының негізінде және халықаралық қаржы орталықтарының стандарттарына сүйене отырып АХҚО-ның актілері жазылған. Сонымен, АХҚО-дағы қолданыстағы заңнама қандай? Тарқатып айтар болсақ.

АХҚО басқарушы директоры – заң департаментінің директоры Нұржан Қосбаевтың айтуынша, «Астана» халықаралық қаржы орталығында ағылшын заңнамасы, яғни Англия мен Уэльстің құқықтық жүйесі тікелей жұмыс істемейді.

«АХҚО заңнамасы халықаралық стандарттарға негізделген және ағылшын құқық жүйесінің ең қажетті деген қағидаттарын ғана алып, олар АХҚО актілері деген құжатқа енгізілген. Бұл құжатта қаржы орталығына қажетті барлық нәрселер жазылған. Сондықтан АХҚО заңнамасында Конституцияға қарама-қайшылықтар мен Қазақстан мен Британ заңнамасының қабыспай қалған тұстары жоқ», — дейді Нұржан Қосбаев.

Нұржан Қосбаевтың айтуынша, қаржы орталығының құқықтық актілерін дайындау барысында орталықтың құқықтық-консультативтік кеңесі үздік он компанияда жұмыс істеген, Британияның ең беделді қызметкерлерінің көмегімен 74 акті жазылды. Соның ішінде 46 акт жалпы қатынасты реттесе, 28 акт қаржылық қатынастарды реттейді. Қаржы орталығының қолданыстағы заңнамасы осы актілер бойынша реттеледі. Бұл актілер азаматтық қатынастарды және қаржылық қатынастарды қарастырады.

Жалпы, қазіргі таңда әлем бойынша ұлттық заңнаманы британизациялау деген ұғым қалыптасты. Бұл құқықтық жүйені ағылшын заңнамасына бейімдеу. Оның себебі, қазіргі таңда әлем бойынша жасалатын іскерлік келісімшарттардың 70 пайыздан астамы ағылшын құқықтық жүйесі негізінде және ағылшын тілінде жасалады. Осы орайда, дүниежүзі бойынша бизнес жасап жүрген компаниялар қандай да бір жерге ақшасын салу үшін ол жердегі заңнама өздерінің үйреншікті жүйеге ұқсас болғанын қалайды. Халықаралық инвесторларды тарту үшін қаржы орталықтарының ағылшын заңнамасына жүгінетіні сондықтан.

Осы орайда, ағылшын құқықтық жүйесіне сұраныстың арту себебін АХҚО Әкімшілігінің аға заңгері Зәуре Еспаеваның айтуынша, әлемдегі ең үздік 5 қаржы орталығының 4-еуі ағылшын заңнамасына сүйенеді. Сонымен қатар, Корольдік Сот пен Арбитраждық Лондон Сотының статистикасына сүйенсек, аталған екі сотқа жүгінетіндердің 80 пайызы шетелдіктер. Бұл әлем бойынша ағылшын құқықтық жүйесіне сұраныстың жоғары екенінің тағы бір көрсеткіші.

Жалпы, әлемде үш түрлі заң жүйесі бар. Ағылшын құқықтық жүйесі, Роман-Герман (Континенталды) заң жүйесі және мұсылмандық заң жүйесі. Ағылшын заңнамасы ғасырлар бойы жинақталған прецеденттер негізінде жұмыс істейтін соттық тәжірибе. Ал континенталды жүйе бекітілген белгілі бір заңнаманың шеңберінен шықпайды. Қарапайым тілмен айтқанда, континенталды жүйеде сот шешім немесе үкім шығарғанда заңнама шеңберінен шыға алмайды. Ал ағылшын жүйесінде соттың еркін ойлауға мүмкіндігі бар.

Екіншіден, Қазақстанның қолданыстағы заңнамасында жоқ терминдер мен ұғымдар ағылшын құқық жүйесінде бар. АХҚО заңнамасының ағылшын жүйесіне сүйенуінің бір себебі де осы.

«Астана» халықаралық қаржы орталығында қатып қалған қағида жоқ. Егер бизнестің сұранысына сай заңнамаға өзгеріс қажет болса, орталықтағы құқықтық-консультативтік кеңес АХҚО-ның заңнамасын да сұранысқа қарай өзгерте алады. Заңгерлер сонымен қатар әлемдік трендтерді де қарап отырады. Мәселен, Дубай, Сингапур, Гонконг, Катар секілді қаржы орталықтарындағы прогрессивті идеялар мен заңнамалар да біздің назарымызда», — дейді АХҚО басқарушы директоры – заң департаментінің директоры Нұржан Қосбаев.

Қорыта айтар болсақ, АХҚО заңнамасы ағылшын құқық жүйесінің көшірмесі емес. Ол ҚР Конституциясына негізделе отырып, АХҚО туралы конституциялық заңына; Англия мен Уэльстің прецеденттері мен нормаларының және халықаралық қаржы орталықтарының стандарттарына негізделген актілер. Ал бұл актілерде қарастырылмаған мәселелер Қазақстанның заңнамасы бойынша реттеледі.

Бауыржан Мұқанов, АХҚО Әкімшілігінің пиар менеджері

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...

«Арсыз, надан» деген сөздер ар-намысты қорлауға жата ма? Адвокат жауабы

Белгілі адвокат Жания Бодау "Арсыз, надан" сөздері ар-намысты қорлауға...