Италияда коронавирустан көз жұмған жүздеген адамдар тиелген жүк көліктері жұртты шошытты (фото, видео)

Италия тұрғындары коронавирустан көз жұмған жүздеген адамдардың денесін тиеген жүк көліктері түсірілген видеоны көріп шошынуда, деп хабарлайды  Stan.kzақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде марқұмдар тиелген жүк көліктері мен науқастар жатқан аурухана түсірілген видео жаппай тарала бастапты.

Еске салайық, Италия коронавирустан көз жұмғандардың саны жөнінен Қытайды басып озды: қазіргі кезде аты жаман ауру 3405 адамның өмірін қиған. Бір күннің ішінде мемлекетте жаңадан көз жұмған 427 адам тіркеліпті.

Италия билігінің елді карантинге жабуының өзінде коронавирус жаппай тұрғындардың өмірін жалмауда. Ал желіде тараған видеоны көрген италияқтар аурудан одан бетер шошып жатқан көрінеді.

Бейнежазбаларда аурухананың дәлізінде жатқан науқастардың көптігі байқалады. Дәрігерлердің сөздерінше, олардың көбінің жағдайы асқынған.

Бергамодағы ауруханадан бөлек, қаладағы зиратта да көз жұмғандарға орын жетіспеуде екен.

Италия

«Ең бастысы — берілмеуіміз керек. Қажет болған жағдайда карантин уақыты ұзартылады. Бірнеше күннен кейін атқаралып жатқан шаралардың нәтижелі ықпалы байқалатын болады», — деп мәлімдеді Италияның денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық институттың басшысы Сильвио Брусаферро.

Италия

Из колонии – на работу

Важным шагом в реформировании пенитенциарной системы Казахстана стала инициатива...

Главный критерий – безупречная репутация 

В этом году исполнилось десять лет с момента создания...

Новая повестка

НА ВТОРОМ ПЛЕНАРНОМ ЗАСЕДАНИИ КУРУЛТАЙ ПРИСТУПИЛ К ФОРМИРОВАНИЮ СОБСТВЕННОЙ ЗАКОНОДАТЕЛЬНОЙ ПРАКТИКИ. ДЕПУТАТЫ ОПРЕДЕЛИЛИ ПОРЯДОК РАССМОТРЕНИЯ ЗАКОНОПРОЕКТОВ, ЗАКРЕПИЛИ МЕХАНИЗМЫ РАБОТЫ ПАРЛАМЕНТСКОЙ ОППОЗИЦИИ И ВЫНЕСЛИ НА ОБСУЖДЕНИЕ ВОПРОСЫ ЦИФРОВОЙ БЕЗОПАСНОСТИ И ОТВЕТСТВЕННОСТИ ЗА ПРОТИВОПРАВНЫЙ КОНТЕНТ.

Мектептерде қазақы амандасу әдебін күнделікті тәрбие жұмысына енгізу ұсынылды 

Қазақстан мектептерінде ұлттық құндылықтарға негізделген амандасу әдебін күнделікті тәрбие жұмысының тұрақты элементі ретінде енгізу ұсынылды.

«Алматы – Бішкек» тас жолында ауыр жүк көліктеріне уақытша шектеу енгізіледі 

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының аймақтық филиалының мәліметінше, шектеу Қаскелең қаласы маңындағы жол айрығын салу жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр.