12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

БАЛА ҚИЯЛЫНАН ТУҒАН ҚИЯНАТ

ҚИЯНАТ ТА САН ТҮРЛІ. ЕР АДАМНЫҢ ӘЙЕЛГЕ, ӘЛДІНІҢ ӘЛСІЗГЕ, БАЙДЫҢ КЕДЕЙГЕ, ҮЛКЕННІҢ КІШІГЕ… БІРАҚ, БІЗ ЕШҚАШАН БАЛАНЫҢ ДА ҮЛКЕНГЕ ҚИЯНАТ ЖАСАЙ АЛАТЫНЫНА СЕНБЕЙМІЗ.

Томас Винтербергтің «Охота» (дат. Jagten) фильмі (шынайы өмірден алынған) дат қоғамында болған осындай бір келеңсіз оқиғаны көрсетеді. Бұндай жағдайлар әлемде миллионнан біреу шығар, бірақ, балаға қатысты өтірік, өзіміз бекітіп алған тұжырым сан мың. Бұл фильмді мен бай да, бақуатты елдің өз ішіндегі әділетсіздікті әшкерелеуі, өз азаматын қиянатқа оп-оңай қия салған дат қоғамын айыптауы деп түсіндім. Моральдық қиянаттан өткен қылмыс жоқ шығар. Адамзатқа ортақ бүкіл мінезді санаулы ғана минуттарға сыйдыратын киноның осындай құдіреті ғой, өз әлеміне тартып, тәнті ететін.

«Менің балам ешқашан өтірік айтпайды» демейікші
Шағын бір ауылда тәрбиеші боп жұмыс істейтін Лукасты (Мадс Миккельсен) балабақшадағы кішкентай Клара жақсы көріп қалады. (өзінің досының қызы) Тәрбиеші ағайларын асыға күтетін балалар, ол балабақша ауласына кірген сәттен бастап-ақ, алдынан жүгірісіп, арқасына, аяғына оралып мәресәре болады да жатады. Бірақ, бір қарағанда өте мейірімді кадрлармен басталатын фильм аяқастынан басқа бағытқа жалт береді. Осындай шуақты күндердің бірінде кішкентай Клара ағайының қалтасына жүрекше қағазды салып жібереді де, ернінен сүйіп алады. Лукас бірден олай істеуге болмайтынын, оның тек қана мамасы мен әкесін ғана сүюге болатынын, жүрекшені топтағы бір балаға беру керектігін айтады. Кішкентай қыздың үлкен «кегі» осы сәттен басталады. Ол Лукасқа қарсы ақылға сыймайтын өтірік ойлап табады. Міне, осы өтірік қарапайым адам өмірінің астаң-кестеңін шығарады. Ағасынан естіген сөздерін айтып, тәрбиешіге жала жабу кішкентай ғана бүлдіршіннің қолынан келді. Ауылдағы ең мейірімді, ең жуас адам ойламаған жерден педофилге айналды. Бала қиялы шексіз. Кейде ол өзі бастаған әңгіменің қайсысы шын, қайсысы өтірік екенін айыра алмай қалады. Өзінің еркелікпен артық айтып қойғанын, қателік жасағанын бала түсінгенімен, ересектер, алдыңғы қатарлы азаматтық қоғам өкілдері түсінбейді, сөзін қайтып алғысы келетін бүлдіршінді тыңдамайды. Керісінше көзі байлаулы, құлағы керең қоғам оқиғаны өз қиялымен дамытып, қылмысы дәлелденбеген адамға қарсы үкім кесіп, әрқайсысы өзінше жазалайды. Соққыға жығады, таныстары теріс айналады, тіпті дүкендер оған азық-түлік сатудан бас тартады, итін өлтіреді, өзін қуғындайды. Кінәмшіл, қосүрей ортаға өздерінің осындай көңіл-күйі қатты ұнайды.

Актердің бағы кино емес, киноның бағы – актер
Мені «Актердің бағы – кино» дегеннен гөрі, «киноның бағы – актер» деген түсінік көбірек иландырады. Бұл фильм (Томас Винтерберг «Охота» дат. Jagten) актерін (Мадс Миккельсен) аямайды, кейіпкерді жалғыз қалдырып, көздері байланған даттықтармен қосыла айыптайды. Мұнда тіпті актерға, кейіпкерге демей-ақ қояйын, қиянатқа ұшыраған адамға деген титімдей де іштарту жоқ. Ал, актер жапанда жалғыз қалса да, жа лалы болған басын аяғына дейін абыроймен алып шығады. Сонша эмоцияны, мінездер қақтығысын, бәле мен жаланы өзінің ұстамды қалпында, артық сөзсіз қалай осылай шебер жеткізуге болады?! Кинода кейіпкерімен өмір сүру деген түсінік болса, Мадс «Лукастың» өмірін айна қатесіз сүрді.

Қиянаттан ешкім де сақтандырылмаған
Актерлардың өз рөліне «мамандығым», «кәсібім» деп қарағаны дұрыс шығар. Егер олар осындай ауыр образдарын көрерменнің өлшеміндегідей терең психологиялық ахуалда қабылдаса, әртістердің тең жартысы «Клуб безбашенных» фильміндегі фотожурналист Кевин Картер сияқты депрессияға түсіп, өмірден баз кешіп кетер ме еді. Бұл фильмдегі айыптаулар мен қоғамнан қуғындалу да Кевиннің кейінгі «кошмарына» айналған әйгілі «Бала мен құзғын» картинасынан еш кем емес шығар (егер осылай салыстыруға болатын болса, әрине). Бірақ бұл жердегі кейіпкер адам рухының осындай мықты бола алатынын, әлем одан теріс айналса да өмірдегі әділеттер үшін күресуге тура келетінін көрсетеді. Біз әдетте «қиянатқа қалай төзуге болады?! Мен ешқашан мұндай әділетсіздікке төзбеймін!» деп жатамыз. Алайда, бұл фильм барлық адамның мұндай жағдайлардан сақтандырылмағанын көрсетеді. Яғни, Лукастың орнында өзге біреудің, тіпті өзіміздің, жақындарымыздың болуы әбден мүмкін. Егер біз қиянатты қылмыс десек, сол қылмыстың бала қолымен жасалатыны (саналы, санасыз түрде болса да) және оны біздің еш шүбәсіз қабылдай беретініміз қорқытады. Баласын қылаудай қиянатқа қимайтын ата-ана үшін бұдан асқан азап жоқ. «Охота» адамзатқа соншалықты жақын, әрі алыс осындай «нәзік» тақырыпқа барғанымен және оны аяусыз әшкерелегенімен құнды.
Шолпан РАҚЫМҚЫЗЫ,
«Заң газеті»

[ratings]

«Үй беремін» дегендер бар». Нұрлан имам 7 баласымен мешітте тұратынын айтты

Әлеуметтік желілер арқылы халық арасында кең танылған Нұрлан имам...

«Ағайындылар» Германияда жүлдеге ие болды

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен түсірілген Дархан Төлегеновтің...

Айжұлдыз Адайбекова анасына қажылыққа жолдама сыйлады

Айжұлдыз Адайбекова анасы мен өзінің тәрбиесіне атсалысқан әпкесіне кіші...

Блогер Балхия Балтабайдың тойы ерекше өтті

Кеше Алматыдағы ең танымал мейрамханалардың бірінде танымал блогер, психолог,...