Алматыда 3 наурызда қаржы топ-менеджерлерінің жыл сайынғы «CFO SUMMIT IDEA EXCHANGE & NETWORKING EVENT 2020» саммиті өтеді.
СЕО «Сентрас Иншуранс» сақтандыру компаниясы» АҚ-ның 2014 жылдан бастап өткізіліп келе жатқан бұл шарасында жыл сайын сұхбат алаңына 500-ден астам қатысушы жиналады. Олардың ішінде ірі компаниялардың топ-менеджерлері мен көрнекті саясаткерлер бар. Биыл да мұнда отандық және шетелдік 20-дан астам спикер әлемдік және қазақстандық экономиканың өзекті мәселелерін талқылап, қаржы экономикасының даму трендтері мен келешегін анықтау үшін кездеседі. Мәселен онда Швециядағы Grant Thornton компаниясының тұрақты даму бойынша кеңесшісі Юлия Хогланд «Тұрақты даму – сән бе әлде қажеттілік пе» деген тақырыпта баяндама жасамақ. Ал Англиядағы АССА-ның нормативтік-құқытық актілер бойынша және Дипломды сертификатталған бухгалтерді мониторингілеу қауымдастығының директоры Ша Али Хан «Коррупциямее күрестегі АССА принциптері» деген тақырыпта баяндама жасайды. Ал Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығының басқару кеңесінің төрағасы Жаннат Ертілесова «Салық төлеудегі 2020 жылғы трендтер», «ЦАРКА» ЗТБ төрағасы Олжас Сатиев «Қаржы секторындағы замануи шабуылдар» деген тақырыпта сөз қозғамақ. Сондай-ақ саммит барысында өзге спикерлермен бірге «Қазақстан экономикасы транзитте, біз қайда ұшып барамыз», «AQR шынында да қорқынышты ма», «ERP болашағы» деген панелдік пікірсайыстарға қатысады деп жоспарлануда.
Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ «Заң газеті»