12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Электронды сот төрелігінің игілігі

Сот саласына заманауи ақпараттық құралдардың енуі сот саласындағы құжат айналымына да өз тиімділігін көрсетті. Сот жүйесінде атқару парағын жазу және жіберу «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. «Төрелік» ақпараттық жүйесінің бір ерекшелігі көп уақыт үнемдеп, межелі жерге дер кезінде жетуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ деректер қоры арқылы азаматтардың және заңды тұлғалардың жеке деректері мен тіркелген мекен-жайлары туралы көптеген мәлімет алуға болады.

Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі  туралы заңмен белгіленген тәртіпте өзінің іс жүргізуіне қабылданған атқару құжатын ерікті орындау үшін берілген мерзімнің өтуі мәжбүрлеп орындау шараларын қолдануға негіз болып табылады. Атқару құжаты – заңмен белгіленген соттың немесе өзге де органдардың орындауға жататын құжаттары. Сот мәжілісінің хатшылары азаматтық істерді сот кеңсесінің атқару парағын жазу маманына тапсырады, одан әрі ақпараттық жүйе арқылы жылдам жетеді. Заңды күшіне енгеннен кейін 3 күн кешіктірмей атқару парағы жазылуы тиіс. Айта кетер жайт бүгінгі күні сот саласындағы құжаттар заманауи ақпараттық құралдардың көмегімен жүзеге асуда. Яғни цифрлы Қазақстан жобасына елімізде ең алдымен бейімделген сот саласы болды.

Бірінші сатыдағы соттың шешімінің орындалуынын бір ерекшелігі жеке сот орындаушыларға атқару парағы электронды түрде және АІЖО ААЖ арқылы кетеді. Сот шешіміне жазылған атқару парағы арыз берушінің немесе оның өкіліне қолма-қол одан қолхат алу арқылы беріледі. Сот актілері мен атқару парақтарынын бақылау алгоритм есебіне тіркеліп отырады.Атқару құжаты судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылатын электронды атқару құжаты нысанында жазылып берілуі мүмкін. Атқару құжатының нысанын атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті әділет органы бекітеді.

 Соттың әрбір шешімі бойынша бір атқару құжаты беріледі. Атқару құжаты өндіріп алушыға беріледі не оның арызы бойынша сот аумағы бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушысына орындау үшін жібереді. ҚР АПК-нің 21 бабына сәйкес, заңды күшіне енген сот актілері орындалуға жататындығы белгілі. Электронды сот төрелігін дамыту бойынша Жоғарғы Соттың бүгінгі ілкімді бастамаларының келешегі зор.

Турсынбекова А, Алматы қаласы Бостандық ауданы №2сотының бас маманы, сот мәжілісінің хатшысы

Мемлекеттік тілдің сот өндірісінде қолданылуы

Бүгінгі таңда мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізу Қазақстан Республикасындағы...

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі

     Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы....

Медиация в Казахстане: современный механизм разрешения споров

Понятие медиации Медиация — это форма альтернативного урегулирования споров с...

Сот жүйесінде мемлекеттік тілді қолдану

Елімізде мемлекеттік тіліміздің дамуы мен нығаюына бағытталған заңдар қабылданып,...

Моральдық зиян ақшалай нысанда өтеледi

Құқықтық, зайырлы мемлекетте азаматтардың қауіпсіздігі мен мүддесі басты орында...