Қазақстанда декреттегі әйелдің зейнетақы жарнасына аударылатын қосымша төлем тоқтайды. Бұл не білдіреді?

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алатын әйелдер үшін қосымша зейнетақы жарнасын аударуды тоқтатады. Алайда бала күтіміне берілетін әлеуметтік төлем сақталады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

2027 жылдан бастап не өзгереді?

Қазір ресми жұмыс істеген әйелдер босанғаннан кейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) бала 1,5 жасқа толғанша ай сайын әлеуметтік төлем алады.

Оның мөлшері кейінгі екі жылдағы орташа айлық табыстың 40%-ына тең. Осы соманың 10%-ы міндетті зейнетақы жарнасы ретінде ұсталып, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) аударылады.

Бұған қоса мемлекет республикалық бюджет есебінен қосымша зейнетақы жарнасын төлейді. Бұл ақша әйелдің бұрынғы табысынан есептелген зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік төлемнен ұсталған жарнаның айырмасын өтеуге арналған.

Ал 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет бала күтіміне берілетін әлеуметтік төлем алатын әйелдердің зейнетақы жарналарын субсидиялауды тоқтатады.

Әлеуметтік кодекстен бюджет есебінен қосымша зейнетақы жарнасын төлеу тәртібін реттейтін баптар алынып тасталады.

Бұл өзгеріс 2027 жылға дейін декретке шығып, әлеуметтік төлем мен мемлекеттік субсидия алып жүрген әйелдерге де қатысты.

Дегенмен бала күтіміне берілетін әлеуметтік төлем тоқтамайды. Оның 10%-ы бұрынғыдай БЖЗҚ-ға аударылады.

Зейнетақы шотына қанша ақша түседі?

Мысалы, әйелдің орташа айлық табысы 500 мың теңге делік.

Бұл жағдайда бала күтіміне берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлем 200 мың теңге болады. Оның 20 мың теңгесі міндетті зейнетақы жарнасы ретінде ұсталады.

Қазір мемлекет қосымша 30 мың теңге аударады. Осылай, әйелдің зейнетақы шотына ай сайын 50 мың теңге түседі.

Ал 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет төлейтін 30 мың теңге тоқтайды. Нәтижесінде БЖЗҚ-ға ай сайын тек 20 мың теңге аударылады.

Бұл өзгеріс әйелдердің болашақ зейнетақы жинағына әсер етуі мүмкін. Себебі олардың жеке зейнетақы шотына түсетін қаражат азаяды.

Декреттегі әйелдер жұмысқа шықса да, жәрдемақы ала алады

2027 жылдан бастап тағы бір өзгеріс енеді. Қазіргі норма бойынша, әйел баласы 1,5 жасқа толмай жұмысқа шықса, бала күтіміне берілетін әлеуметтік төлем тоқтайды.

Ал келер жылдан бастап бұл шектеу алынып тасталады.

Демек, әйел бала 1,5 жасқа толғанша жұмысқа шығып, жалақысын да, бала күтіміне берілетін әлеуметтік төлемін де қатар ала алады.

Әкелерге қатысты не өзгереді?

2027 жылдан бастап бала күтіміне берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлем алу құқығы тек анасына беріледі.

Ал әке бала күтіміне жалақысы сақталмайтын демалысқа шыға алады.

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Енді жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтиханды онлайн тапсыруға болады

Астанада жүргізуші куәлігін алуға үміткерлерге теориялық емтиханды онлайн тапсыру мүмкіндігі пайда болды. Енді тестілеуден өту үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ.

2027 жылы Қазақстандағы жастар қандай бағдарламамен үй ала алады?

Қазақстанда жастарға баспана алуына мүмкіндік беретін бірнеше ипотека бағдарламаcы бар. Олардың жылдық мөлшерлемесі 5%-дан басталады.

Жаңа тарихи кезең – жаңа міндеттер: Тоқаев стратегиялық даму жөніндегі сараптама тобын құрды 

Президент жанындағы жаңа сараптама тобы елдің ұзақмерзімді даму басымдықтарын айқындап, стратегиялық бастамаларды талқылауға қатысады. Оның құрамына кімдер енді?

Алматыда әрбір үшінші жолаушы автобуста жолақысын төлемейді 

Алматыда автобустардың лық толуы қала тұрғындары жиі көтеретін мәселелердің бірі. Әлеуметтік желі қолданушылары қоғамдық көліктегі жолаушылардың бір бөлігі жолақысын төлемейтіндіктен, олардың нақты саны есепке алынбай қалуы мүмкін екенін айтып жүр. Тіпті бұл жағдай қала билігінің автобусқа деген сұранысты бағалауына әсер етуі ықтимал.

Қытай 2030 жылға қарай Айдан су мен оттегі өндіруді жоспарлап отыр 

Қытайдың Айды зерттеу бағдарламасының бас конструкторы У Вэйжэнь бастаған мамандар тобы осы бағыттағы ғылыми-техникалық жоспар әзірлеген.