Енді жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтиханды онлайн тапсыруға болады

Астанада жүргізуші куәлігін алуға үміткерлерге теориялық емтиханды онлайн тапсыру мүмкіндігі пайда болды. Енді тестілеуден өту үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ. Емтиханды ноутбук арқылы үйден тапсыруға болады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» орталығының мәліметінше, жаңа қызмет eGov Mobile мобайл қолданбасындағы «ХҚКО қызметтері» бөлімінде қолжетімді. Ол жерден «Онлайн тест тапсыру» функциясын таңдау қажет.

Жоба әзірге Астанада іске қосылды

Қазір онлайн тестілеу пилоттық режимде жүргізіліп жатыр. Жаңа қызметті тұрғылықты жері бойынша Астанада тіркелген азаматтар пайдалана алады. Болашақта жобаны еліміздің басқа өңірлеріне де енгізу жоспарлануы мүмкін.

Теориялық емтихан 40 сұрақтан тұрады. Оны орындауға 40 минут беріледі. Сынақтан өту үшін кемінде 32 сұраққа дұрыс жауап беру қажет. Тестілеу компьютер арқылы жүргізіліп, үміткердің әрекеттерін бақылау үшін прокторинг жүйесі қолданылады.

Айта кетейік, Алматыда отшашу мен петарданы белгіленбеген орындарда қолданған тұрғындар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 

Қазақстанда декреттегі әйелдің зейнетақы жарнасына аударылатын қосымша төлем тоқтайды. Бұл не білдіреді?

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алатын әйелдер үшін қосымша зейнетақы жарнасын аударуды тоқтатады. Алайда бала күтіміне берілетін әлеуметтік төлем сақталады.

2027 жылы Қазақстандағы жастар қандай бағдарламамен үй ала алады?

Қазақстанда жастарға баспана алуына мүмкіндік беретін бірнеше ипотека бағдарламаcы бар. Олардың жылдық мөлшерлемесі 5%-дан басталады.

Жаңа тарихи кезең – жаңа міндеттер: Тоқаев стратегиялық даму жөніндегі сараптама тобын құрды 

Президент жанындағы жаңа сараптама тобы елдің ұзақмерзімді даму басымдықтарын айқындап, стратегиялық бастамаларды талқылауға қатысады. Оның құрамына кімдер енді?

Алматыда әрбір үшінші жолаушы автобуста жолақысын төлемейді 

Алматыда автобустардың лық толуы қала тұрғындары жиі көтеретін мәселелердің бірі. Әлеуметтік желі қолданушылары қоғамдық көліктегі жолаушылардың бір бөлігі жолақысын төлемейтіндіктен, олардың нақты саны есепке алынбай қалуы мүмкін екенін айтып жүр. Тіпті бұл жағдай қала билігінің автобусқа деген сұранысты бағалауына әсер етуі ықтимал.

Қытай 2030 жылға қарай Айдан су мен оттегі өндіруді жоспарлап отыр 

Қытайдың Айды зерттеу бағдарламасының бас конструкторы У Вэйжэнь бастаған мамандар тобы осы бағыттағы ғылыми-техникалық жоспар әзірлеген.