Қытай 2030 жылға қарай Айдан су мен оттегі өндіруді жоспарлап отыр 

Қытай ғалымдары 2030 жылға дейін Ай бетінде су мен оттегі өндіру технологияларын сынақтан өткізуді ұсынып отыр. Бұл туралы  New Science басылымы жазды.

Болашақта Айдағы табиғи ресурстарды ғарышкерлерді қажетті заттармен қамтамасыз ету, Айда зерттеу базаларын салу және зымыран отынын өндіру үшін пайдалану көзделген.

Қытайдың Айды зерттеу бағдарламасының бас конструкторы У Вэйжэнь бастаған мамандар тобы осы бағыттағы ғылыми-техникалық жоспар әзірлеген.

Бағдарлама үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде 2030 жылға дейін Айдағы табиғи шикізатты өңдеу технологияларының кемінде біреуін сынақтан өткізу жоспарланған. Оның ішінде Ай топырағынан су мұзын бөліп алу, минералдардан оттегі өндіру және құрылыс материалдарын жасау тәжірибелері бар.

Ғалымдар әсіресе Айдың полюстеріне жақын орналасқан, үнемі көлеңкеде жататын кратерлердегі су мұзына ерекше қызығушылық танытып отыр. Орбиталық бақылаулар бұл аумақтарда су мұзы болуы мүмкін екенін көрсеткен.

Оны өндіріп алғаннан кейін ауызсу ретінде пайдалануға болады. Сонымен қатар электролиз әдісі арқылы суды сутегі мен оттегіне бөлуге мүмкіндік бар. Бұл екі элемент зымыран отынын өндіруге қажетті компоненттер ретінде қарастырылып отыр.

Оттегі алудың тағы бір ықтимал көзі – Айдың реголиті. Бұл – Ай бетін жауып жатқан шаң мен тау жыныстарының ұсақ бөлшектерінен тұратын қабат. Оның құрамындағы минералдарда оттегі байланысқан күйде болады. Ғалымдар оны бөліп алу үшін жоғары температурада өңдеу, балқыған топырақты электролиздеу және химиялық қосылыстарды сутегі арқылы қалпына келтіру әдістерін қарастырып жатыр.

Бағдарламаның екінші кезеңі 2040 жылға дейін жалғасады. Бұл уақытта Айда су, оттегі немесе құрылыс материалдарын өндіре алатын кешенді тәжірибелік қондырғы жасау ұсынылған. Ол алынған ресурстарды сол жерде пайдалануға мүмкіндік беруі тиіс.

Ал 2050 жылға дейінгі үшінші кезеңде Жерден тыс ресурстарды іздеу, өндіру, өңдеу, тасымалдау және пайдалану жүйесін толық қалыптастыру көзделген. Сонымен қатар ғалымдар Марста немесе астероидта жергілікті шикізатты пайдалану технологияларының кемінде біреуін сынақтан өткізуді ұсынады.

Бұл жоспарлар Қытайдың Халықаралық ғылыми Ай станциясын құру бағдарламасымен байланысты. Атап айтқанда, 2029 жыл шамасында ұшырылуы жоспарланған «Чанъэ-8» миссиясы Айдың оңтүстік полюсі маңында жергілікті ресурстарды пайдалану бойынша тәжірибелер жүргізуі тиіс.

Дегенмен Қытай әзірге Жерден тыс ресурстарды өнеркәсіптік мақсатта игеруге арналған ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияны бекіткен жоқ. Қазіргі басты міндеттердің бірі – бұрыннан әзірленген тәжірибелік технологияларды Айдың күрделі жағдайында жұмыс істей алатын біртұтас жүйеге біріктіру.

Қазақстандықтар банктерге 26,7 трлн теңге қарыз: Кім кредит ала алмайды? 

2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының банктер алдындағы кредиттік берешегі 26,7 трлн теңгені құрады.

Оқушылардың қысқы каникул уақыты өзгерді 

Бекітілген кестеге сәйкес, оқушылар 28 желтоқсаннан бастап демалады. Ал сабақ 2027 жылғы 11 қаңтарда қайта басталады.

Мемлекет қазынасына ауыз салу елге жасалған ең ауыр қастандық – Президент 

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет қазынасына ауыз салу, Конституцияның талаптарын аяққа таптау – елге жасалған ең ауыр қастандық екенін айтты.

Послание в диалоге с гражданами 

ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ОТ ВСЕХ ФРАКЦИЙ ПРОВЕЛИ 155 ВСТРЕЧ С...

Елімізде ағаштың кей түрлерін экспорттауға тыйым салынуы мүмкін 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тиісті бұйрық жобасын жариялап, 4 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынды.