Бүгін елімізде ауа райы қандай болады 

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 18 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа райы болжанады. Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында қар мен жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасын күтіледі.

Ұлытау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жауын-шашын мен көктайғақ болжанады. Түркістан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Көптеген өңірде түнде және таңертең тұман түседі. Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 23-28 м/с, түнде 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысында жел 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.

Сонымен қатар Алматы облысының солтүстігі мен шығысында, Қызылорда облысының оңтүстік-батысы мен солтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Елена Рыбакина жылды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтады 

Қазақстандық спортшы маусымды 8099 ұпаймен аяқтап, мансабында алғаш рет жылдық рейтингте бірінші орынға шықты.

Терроризм туралы жалған хабар таратқандар 5 жылға дейін сотталуы мүмкін – ІІМ 

2026 жылдың басынан бері Қазақстанда терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратқаны үшін 23 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың жетеуі – 14 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі ескертті.

Моңғолия президенті отставкаға кететінін мәлімдеді 

Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх қызметінен кетіп, өзіне тағылған айыптар бойынша ақиқатты анықтауға дайын екенін мәлімдеді.

Енді сабақтан жиі қалатын оқушылар полицияның бақылауында болады

Қазақстанда 21 қарашадан бастап балаларды есепке алу және мектептегі буллиңнің алдын алу қағидаларына өзгерістер енгізіледі.

Қазақстан әйелдері үй шаруасына ерлерден 3,2 есе көп уақыт жұмсайды 

Қазақстандық әйелдер үй шаруасына ерлерге қарағанда 3,2 есе көп уақыт бөледі. Сонымен қатар ақылы және ақы төленбейтін еңбекті қоса есептегенде, әйелдердің жалпы жұмыс күні ерлерге қарағанда әлдеқайда ұзақ.