Тоқаев 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылды Қазақстанда Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды. Мемлекет басшысы келесі жылы еліміздің барлық өңірінде азаматтық инфрақұрылым нысандарын салу және жөндеу жұмыстары басталуға тиіс екенін айтты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қандай нысандар салынады?

Тоқаевтың айтуынша, құрылыс жұмыстары облыс орталықтарын, аудандар мен елді мекендерді қамтуы керек. Жолдар, әуежайлар, вокзалдар мен денсаулық сақтау мекемелерін салуға және жөндеуге басымдық беріледі. Сонымен қатар ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталықтарын салу жоспарланып отыр.

Мен келесі жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынамын. Осы жылдың аясында әр облыс орталығында, аудандарда, тіпті елді мекендерде азаматтық инфрақұрылым нысандарын салуға және жөндеуге кірісуіміз керек, – деді президент.

Мемлекет басшысы барлық өңірде шығармашылық үйлері, спорт кешендері, кітапханалар мен ғылыми орталықтар бой көтеруі қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар тұрғын үй құрылысы да маңызды міндет болып қала беретінін айтты.

«Бастамалардың барлығы ел игілігі үшін қолға алынып отыр»

Тоқаев халықтың әл-ауқатын арттыру Конституцияда мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде белгіленгенін еске салды.

Осы бастамалардың барлығы ел игілігі, әсіресе өскелең ұрпақтың қамы үшін қолға алынып отырғанын баса айтқым келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бүгінгі жолдауында президент халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған «Халықтық құрылыс» атты бағдарламаны да ұсынды. Бағдарлама аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына қаржы бөліп, елді мекендерге газ бен таза ауыз су жеткізу көзделген.

(Сурет:https://tengemonitor)

1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгереді? 

Қараша айында Қазақстанда бірнеше маңызды өзгеріс күтіледі. Оқушылар күзгі демалыстан кейін мектепке оралады, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық жалғасады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына ресми сапармен барды. Анкарадағы Этимесгут әуежайында Қазақстан Президентін Режеп Тайип Ердоғанның өзі қарсы алды.

Мемлекеттік көмек шынымен мұқтаждарға берілуге тиіс – Президент 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік көмекті шын мұқтаж азаматтарға бағыттап, әлеуметтік реформаларды мұқият сараптау қажеттігін айтты.

Тоқаев 2027 жылдан бастап бизнесті тексеруге мораторий енгізуді талқылауды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын...