Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына ресми сапармен барды. Анкарадағы Этимесгут әуежайында Қазақстан Президентін Режеп Тайип Ердоғанның өзі қарсы алды.

Ақорданың хабарлауынша, Қазақстан Президентінің келуіне орай әуежайда Құрмет қарауылы сап түзеп, салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.https://www.instagram.com/reel/DfCl3gYgWC_/embed/captioned/?cr=1&v=14&wp=1238&rd=https%3A%2F%2Fbaq.kz&rp=%2Ferdogan-toqaevty-ozi-qarsy-aldy-ankara-qazaqstan-prezidentin-erekshe-kutti-320051486%2F#%7B%22ci%22%3A0%2C%22os%22%3A680.5%2C%22ls%22%3A144.60000002384186%2C%22le%22%3A622.1000000238419%7D

Анкарада Қазақстан Президентінің сапарына ерекше дайындық жасалған. Қазақстандық журналистердің хабарлауынша, Түркия астанасындағы маңызды көшелердің бойындағы ғимараттардың қасбеттеріне екі ел басшыларының портреттері бейнеленген билбордтар ілінген.https://www.instagram.com/reel/DfCUclLIU7F/embed/captioned/?cr=1&v=14&wp=1238&rd=https%3A%2F%2Fbaq.kz&rp=%2Ferdogan-toqaevty-ozi-qarsy-aldy-ankara-qazaqstan-prezidentin-erekshe-kutti-320051486%2F#%7B%22ci%22%3A1%2C%22os%22%3A683.8999999761581%2C%22ls%22%3A144.60000002384186%2C%22le%22%3A622.1000000238419%7D

Сондай-ақ билбордтарда түрік, қазақ және ағылшын тілдерінде «Түркияға қош келдіңіз!» деген жазу орналастырылған. Қала көшелерінде Қазақстан мен Түркияның мемлекеттік тулары да желбіреп тұр.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізеді.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады.

Ресми сапар Қазақстан мен Түркия арасындағы саяси диалогты дамытуға және екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Мемлекеттік көмек шынымен мұқтаждарға берілуге тиіс – Президент 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік көмекті шын мұқтаж азаматтарға бағыттап, әлеуметтік реформаларды мұқият сараптау қажеттігін айтты.

Тоқаев 2027 жылдан бастап бизнесті тексеруге мораторий енгізуді талқылауды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын...

2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді: қаржы қайда жұмсалады?

Президент әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандар салуға және оны жаңғыртуға...

Жас ұрпаққа озық әрі мықты Қазақстанды қалдыру – Президент ұлт алдында тұрған стратегиялық міндетті атады

емлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр,...