1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар міндетті лицензиялаудан өтуі тиіс. Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Алматы қаласындағы білім беру және денсаулық сақтау салалары бойынша салалық кеңесінің төрайымы мәлімдеді.

Эльмира Әуезова «өзгеріс кейбір балабақшалардың жабылуына әкелуі мүмкін» деп отыр. Сондай-ақ шаһардағы 25 жекеменшік мектепке былтыр қыркүйек-желтоқсан айлары үшін 1 миллиард 318 миллион теңгеден астам қаражаттың әлі төленбегені айтылды.

Реформаның мақсаты – балалардың қауіпсіздігін арттыру мен мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсарту. Лицензиялау барысында санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы, бейнебақылау жүйесі мен күзеттің болуы, сондай-ақ тамақтандыруды ұйымдастыру және білім беру бағдарламаларының мазмұны тексеріледі, – деді «Атамекен» ҰКП Білім беру және денсаулық сақтау салалары бойынша салалық кеңесінің төрайымы Эльмира Әуезова.  

Ал денсаулық саласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында қызмет көрсететін ұйымдарды аккредиттеу мәселесі өзекті болып отыр. Кәсіпкерлер жаңа талап медициналық мекемелердің шығынын көбейтіп, қызмет көрсету қолжетімділігіне кері әсер етуі мүмкін екенін алға тартады. Өйткені қазірдің өзінде емханалар мен клиникалардың жұмысы лицензиялау, мемлекеттік бақылау және клиникалық аудит арқылы қадағаланады.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Тойға немесе туған күнге берілетін ақшалай аударымдардан салық төлеу қажет пе? – Кірістер комитеті түсіндірді 

Туған күнге, тойға немесе сыйлық ретінде жасалатын ақшалай аударымдарға салық салынбайды.

Қазақстанда жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметі бірнеше күнге тоқтады

Қазақстанда 23 қазан мен 27 қазан аралығында жылжымайтын мүлік тіркеуге және нысандарды техникалық тексеруге өтініш беру тоқтады.