Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Олардың қатарында еңбек ардагерлері, жұмысшы мамандықтардың, өндіріс, бизнес, білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларының өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, мәдениет және өнер қайраткерлері бар.

«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы өндіріске сіңірген еңбегі үшін «Kazakhmys Smelting» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының балқытушысы Ә.Доспановқа берілді.

«Отан» орденімен көрнекті мәдениет және өнер қайраткері, композитор, «Музарт» тобының елімізде және шет елде танылуы жолында ерекше рөл атқарған А.Қоразбаев марапатталды.

І дәрежелі «Барыс» ордені «TNS-group» концерні» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Т.Жұмағұловқа және актер Н.Ықтымбаевқа; ІІ дәрежелі «Барыс» ордені білім саласының ардагері Е.Мәмбетқазиевқа, «Қазақстан Республикасы альпинизм және тауға өрмелеу федерациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті Қ.Уәлиевке; ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені «Ново-Приречное» ЖШС директоры В.Тюркинге, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы С.Шаңғұтовқа және басқаларға берілді.

Ел дамуына еңбегі сіңген белгілі ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері, өндірістік сала өкілдері «Парасат» орденімен марапатталды. Олардың арасында «Ақмая» шаруа қожалығының төрағасы Д.Жұмбеков, «А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері Н.Уәли, археолог А.Подушкин, «Қарағанды медициналық университеті» КеАҚ профессоры М.Түсіпбекова, «Радуга» ЖШС бас директоры Д.Шарапаев және басқалары бар.

«Құрмет» орденімен «Өзенмұнайгаз» АҚ кран машинисі Б.Досқарин, Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» КМК бөлімше меңгерушісі Е.Кальмбах, Солтүстік Қазақстан облысындағы «Астық-STEM» ЖШС бас агрономы Т.Хамидуллин, «Здоровая Азия» онкологиялық ауруларды қолдау жөніндегі қоғамдық қорының негізін қалаушы Н.Плохих, Қызылорда облысындағы «Қамқорлық» оңалту орталығының басшысы А.Мұсафирова, Атырау облысындағы су шаруашылығының ардагері Н.Қонас, Ақтөбе облысының «Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы» МКК балалар дәрігері Б.Медетбаев және басқалары марапатталды.

Қоғамдық келісімді және ұлтаралық қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін «Ел бірлігі» орденіне «Алматы қаласының Түрікмен қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің құрметті төрағасы Г.Аннакулиева, Қарағанды облысы «Шешен-ингуш «Вайнах» этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы У.Джанаев, «Возрождение» Қазақстандық немістердің бірлестігі» қоғамдық қорының атқарушы директоры Д.Редлер, «Tamos Space School» ЖШС мұғалімі Д.Ромащенко ие болды.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Тойға немесе туған күнге берілетін ақшалай аударымдардан салық төлеу қажет пе? – Кірістер комитеті түсіндірді 

Туған күнге, тойға немесе сыйлық ретінде жасалатын ақшалай аударымдарға салық салынбайды.

Қазақстанда жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметі бірнеше күнге тоқтады

Қазақстанда 23 қазан мен 27 қазан аралығында жылжымайтын мүлік тіркеуге және нысандарды техникалық тексеруге өтініш беру тоқтады.

Қазақстанда мерзімді әскери қызмет екі кезеңге бөлінуі мүмкін

Қазақстанда мерзімді әскери қызметті екі кезеңнен тұратын жүйеге көшіру жоспарланып отыр.