Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгіленді

Қазақстанда мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде 2026 жылдың басынан бері 10,8 мың мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасты. Оның 5,1 мыңы тұрақты жұмыс тапса, 5,4 мыңы мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына жіберілді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Азаматтарды жұмыспен қамту шаралары

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жұмысқа орналасуға жәрдем сұрап, мансап орталықтарына мүгедектігі бар 29,5 мың азамат жүгінген. Олардың 18,2 мыңы жұмыспен қамтуға бағытталған белсенді іс-шараларға қатысқан.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында 4 264 адам қоғамдық жұмыстарға, 367 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 495 адам «Жастар практикасы» бағдарламасына, ал 499 адам «Күміс жас» жобасына қатысу арқылы жұмысқа орналасқан.

Жұмысқа орналастыру квотасы және арнайы орындар

Әлеуметтік кодекске сәйкес, 50 және одан көп қызметкері бар ұйымдарға жұмыскерлердің жалпы санының 2–4%-ы көлемінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасы белгіленеді. Бұл ретте ауыр, зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс орындары есепке алынбайды.

Биыл мүгедектігі бар 16 706 адамды жұмысқа орналастыруға арналған квота белгіленген. Екінші тоқсанның қорытындысы бойынша осы квота аясында елімізде шамамен 6,2 мың адам жұмысқа орналасқан. Ал 2025 жылы белгіленген 16 719 жұмыс орнының 8,1 мыңы қамтылған. Осылайша, квота бойынша жұмысқа орналастыру көрсеткіші 48% болған, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар министрлік мүгедектігі бар адамдардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, арнайы жұмыс орындарын ашып жатыр.

2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша осындай 47 жұмыс орны ашылған. Оның 25-і есту қабілеті бұзылған адамдарға, 12-сі көру қабілеті бұзылған азаматтарға, ал 10-ы тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға арналған.

Еске салайық, Қазақстанда бірқатар азамат шипажайда тегін немесе жеңілдікпен емделе алады. Мұндай мүмкіндік зейнеткерлерге, ардагерлерге, мүгедектігі бар адамдарға арналған.

Қазақстанда мерзімді әскери қызмет екі кезеңге бөлінуі мүмкін

Қазақстанда мерзімді әскери қызметті екі кезеңнен тұратын жүйеге көшіру жоспарланып отыр.

Алматыда рұқсатсыз салынған сауда орындарын бұзу басталды

Алматының Түрксіб ауданындағы Қайрат шағынауданында заңсыз салынған сауда орындарын бұзу жұмыстары басталды. Нысандардың жалпы аумағы 56,4 мың шаршы метр болды.

21 қазанда бірқатар өңірде қар жауып, көктайғақ болады

Қазақстанда 21 қазанда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Елдің солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде көктайғақ болады. Бірқатар қалада жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін.

Елімізде қандай мамандар жетіспейді?

Қазақстанда бір маман бойынша 469 бос жұмыс орнына небәрі 100 түйіндеме түскен, ал IT мен медицина саласында кадр тапшылығы бар.

Қазақстандықтардың бюджетіне қандай шығындар көбірек салмақ түсіреді? 

Қазақстандықтар ең көп ақшаны азық-түлікке жұмсайды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың екінші тоқсанында халықтың барлық ақшалай шығыстарының 50,5%-ы азық-түлік тауарларын сатып алуға кеткен.