21 қазанда бірқатар өңірде қар жауып, көктайғақ болады

Қазақстанда 21 қазанда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Елдің солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде көктайғақ болады. Бірқатар қалада жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін. Күндіз қалаларда ауа температурасы +2…+25 градус аралығында болса, түнде кей жерлерде −4 градусқа дейін төмендейді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

«Қазгидромет» мәліметінше, Астанада құбылмалы бұлтты болады. Түнде аздаған жаңбыр мен қар жауады, күндіз сәл жаңбыр жауады. Жел екпін алады. Түнде ауа температурасы 0…+2 градус, күндіз +6…+8 градус болады.

Алматыда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады, жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы +4…+6 градус, күндіз +15…+17 градус болады.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +5…+7 градус, күндіз +18…+20 градус болады.

Ақтөбеде күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы −2…−4 градус, күндіз +12…+14 градус болады.

Ақтауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +13…+15 градус, күндіз +23…+25 градус болады.

Атырауда күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы +4…+6 градус, күндіз +18…+20 градус болады.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады, жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы 0…+2 градус, күндіз +12…+14 градус болады.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты болады. Түнде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Жел екпін алады. Түнде ауа температурасы −1…−3 градус, күндіз +5…+7 градус болады.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты болады. Күндіз аздаған жаңбыр жауады. Жел екпін алады. Түнде ауа температурасы +1…+3 градус, күндіз +6…+8 градус болады.

Қонаевта құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады, жауын-шашын болмайды. Күндіз жел екпін алады. Түнде ауа температурасы +3…+5 градус, күндіз +14…+16 градус болады.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпін алады. Түнде ауа температурасы +1…+3 градус, күндіз +10…+12 градус болады.

Қызылордада құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы +1…+3 градус, күндіз +15…+17 градус болады.

Павлодарда күн бұлтты болады. Жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Жел екпін алады. Түнде ауа температурасы 0…+2 градус, күндіз +4…+6 градус болады.

Петропавлда күн бұлтты болады. Түнде жаңбыр мен қар түрінде аздаған жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады. Күндіз аздаған жаңбыр жауады. Жел екпін алады. Түнде ауа температурасы +2…+4 градус, күндіз +6…+8 градус болады.

Семейде күн бұлтты болады. Жаңбыр мен қар жауады. Жел екпін алады. Түнде ауа температурасы 0…+2 градус, күндіз +3…+5 градус болады.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады, жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы 0…+2 градус, күндіз +8…+10 градус болады.

Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +2…+4 градус, күндіз +14…+16 градус болады.

Түркістанда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады, жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы +4…+6 градус, күндіз +17…+19 градус болады.

Оралда құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде ауа температурасы −1…−3 градус, күндіз +12…+14 градус болады.

Өскеменде күн бұлтты болады. Жаңбыр мен қар жауады. Жел екпін алады. Түнде ауа температурасы 0…+2 градус, күндіз +2…+4 градус болады.

Елімізде қандай мамандар жетіспейді?

Қазақстанда бір маман бойынша 469 бос жұмыс орнына небәрі 100 түйіндеме түскен, ал IT мен медицина саласында кадр тапшылығы бар.

Қазақстандықтардың бюджетіне қандай шығындар көбірек салмақ түсіреді? 

Қазақстандықтар ең көп ақшаны азық-түлікке жұмсайды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың екінші тоқсанында халықтың барлық ақшалай шығыстарының 50,5%-ы азық-түлік тауарларын сатып алуға кеткен.

«ОРМАНШЫ МƏРТЕБЕСI» ҚҰҚЫҚТЫҚ ҮЙЛЕСТIРУДI ҚАЖЕТ ЕТЕДI

Жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін Орман шаруашылығы қызметкерлері күнін осы салада қызмет ететін 17 мыңнан астам маман асыға күтеді. Орман шаруашылығы мамандарының қызметі – бұл орман алқаптарын қорғау, қалпына келтіру, тиімді пайдалану және олардың экологиялық жүйесін сақтауға бағытталған кешенді жұмыс.

236 шетел азаматы Қазақстаннан күштеп шығарылды

Полицияның мәліметінше, Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 7 595 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін тағы 3 899 шетел азаматына қатысты шаралар қабылданған.

19 қазаннан бастап дүкендердегі тауардың кемінде 30%-ы отандық өнім болуға тиіс

19 қазаннан бастап Қазақстанда ішкі сауда қағидаларына енгізілген өзгерістер күшіне енді. Енді дүкендерде Қазақстан өнімдеріне сауда сөрелері мен алаңдарының кемінде 30%-ы бөлінуге тиіс.