236 шетел азаматы Қазақстаннан күштеп шығарылды

Қазақстанда 5–16 қазан аралығында көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтауға бағытталған «Нелегал» жедел-профилактикалық акциясы өтті. Операция барысында 15,8 мыңнан астам заң бұзу фактісі тіркелген. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мыңдаған шетел азаматы жауапқа тартылды

Полицияның мәліметінше, Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 7 595 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін тағы 3 899 шетел азаматына қатысты шаралар қабылданған.

Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 7 595 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін тағы 3 899 шетел азаматына қатысты шаралар қабылданған, – деп хабарлады полиция.

Сонымен қатар шетелден жұмыс күшін тарту тәртібін бір жыл ішінде бірнеше рет бұзған 10 жұмыс берушіге қатысты тергеп-тексеру басталған.

Қазақстаннан шығарылғандарға бес жыл шектеу қойылды

Операция барысында Қазақстан аумағында заңсыз жүрген 62 шетел азаматы ұсталған. Бұдан бөлек, полиция 236 шетел азаматын Қазақстаннан мәжбүрлі түрде шығарған. Олар енді бес жыл бойы ел аумағына кіре алмайды.

Полиция 236 шетел азаматын Қазақстаннан мәжбүрлеп шығарған. Осы адамдардың бәрі енді Қазақстанға бес жыл кіре алмайды, – деп хабарлады полиция.

«ОРМАНШЫ МƏРТЕБЕСI» ҚҰҚЫҚТЫҚ ҮЙЛЕСТIРУДI ҚАЖЕТ ЕТЕДI

Жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін Орман шаруашылығы қызметкерлері күнін осы салада қызмет ететін 17 мыңнан астам маман асыға күтеді. Орман шаруашылығы мамандарының қызметі – бұл орман алқаптарын қорғау, қалпына келтіру, тиімді пайдалану және олардың экологиялық жүйесін сақтауға бағытталған кешенді жұмыс.

19 қазаннан бастап дүкендердегі тауардың кемінде 30%-ы отандық өнім болуға тиіс

19 қазаннан бастап Қазақстанда ішкі сауда қағидаларына енгізілген өзгерістер күшіне енді. Енді дүкендерде Қазақстан өнімдеріне сауда сөрелері мен алаңдарының кемінде 30%-ы бөлінуге тиіс.

Қазақстанда алимент төлемеген 1500-ден астам адам іздеуде жүр

Қазақстанда алимент төлемей, іздеуге жарияланған 1500-ден астам адамның тізімі...

Отбасының әл-ауқат санатына қарамастан төленетін мемлекет жәрдемақылары

Қазақстанда мұқтаждықты бағалаудың жаңа жүйесі енгізілгенімен, кейбір азаматтардың мемлекеттік жәрдемақылары отбасының әл-ауқат санатына қарамастан сақталып қалады.

І тоқсан аяқталуға жақын: мектеп оқушылары бір апта демалады

Оқушылардың тағатсыздана күткен бір апта тынығу сәті де жақындады.