Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) Шариғат және пәтуа бөлімі 2027 жылғы діни күндер кестесін бекітті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
ҚМДБ баспасөз қызметі келесі жылғы діни мерекелердің күнтізбесін жариялады.
Кесте бойынша, 2027 жылы Рамазан айы 8 ақпанда басталып, 8 наурызда аяқталады. Ал Қадір түні 5 наурыздан 6 наурызға қараған түнге сәйкес келеді.
2027 жылы Құрбан айт мейрамы 16–18 мамыр аралығында атап өтіледі.

Діни күндердің мерзімі өзгеруі мүмкін
ҚМДБ мәліметінше, хижри айлардың басталу күндері халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының деректері негізінде есептелген. Сонымен қатар діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты өзгеруі мүмкін. Пәтуа мамандары күнтізбеде көрсетілген мерзімнің бір күнге ерте не кеш жылжуы ықтимал екенін ескертеді.


