Отбасының әл-ауқаты: Цифрлық отбасы картасындағы C, D және E санаттары нені білдіреді? 

Қазақстанда мемлекет отбасының әл-ауқатын тек жалақы мөлшеріне қарап қана бағаламайды. Цифрлық отбасы картасында жұмыс пен баспанадан бастап, кредиттер, көлік және қосалқы шаруашылыққа дейін 50-ден астам өлшемшарт ескеріледі. Осы көрсеткіштер негізінде отбасыға белгілі бір санат беріледі, ал мемлекет тарапынан қолдау қажет пе, жоқ па – соған байланысты анықталады.

Табыстан бөлек, жүйе жұмыспен қамтуға, тұрғын үй жағдайына, мүлікке, көлікке, несиелерге, бизнес пен жер учаскелерінің, жеке қосалқы шаруашылықтың болуына және әлеуметтік жағдайға назар аударады.

«Отбасы санаттары тек бір ғана көрсеткіш бойынша анықталмайтынын атап өткен маңызды», – делінген түсіндірмеде.

  • C санатына әл-ауқат деңгейі тұрақты, орташа тұрмыстағы отбасылар жатады.
  • D санаты отбасының қаржылық қиындықтары барын білдіреді. Мысалы, табысы төмен, тұрақты жұмысы немесе жеке баспанасы жоқ, мерзімі өткен несиелері бар.
  • E санаты мемлекеттің бірінші кезектегі қолдауына мұқтаж отбасыларға беріледі. Әдетте, мұндай отбасылардың бірнеше проблемасы қатар болады: табысы кедейлік шегінен әлдеқайда төмен, тұрақты жұмысы, баспанасы, мүлкі мен жинағы жоқ және мерзімі өткен несиелері бар.

Санат біржола және мәңгілікке берілмейді.

«Өмірлік жағдайлардың өзгеруіне байланысты отбасының санаты да қайта қаралуы мүмкін», – деп нақтыланады түсіндірмеде.

Қазір санаттарды түсініп алу әсіресе пайдалы.

Осы аптада Премьер-министр Олжас Бектенов Құрылтайда депутаттың сұрағына жауап бере отырып, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік көмек мұқтаждық қағидаты бойынша тағайындалатынын, ал ауқатты отбасылар мемлекеттік қолдау алуды тоқтататынын айтты.

2027 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер өседі 

Еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылғандарға төленетін әлеуметтік төлемдер 8,5%-ға өседі.

Алматы тауларында жоғалған Корея азаматы әлі табылмай жатыр

Алматы тауларында 28 қыркүйекте жоғалып кеткен Корея Республикасының 73 жастағы азаматы әлі іздестіріліп жатыр.

Пәтер, ипотека және бизнес: Неке шартын жасасу кезінде нені ескеру керек? 

Неке шарты – бұл жұбайларға мүлік, отбасылық шығындар және қаржылық міндеттемелер туралы алдын ала келісіп алуға көмектесетін маңызды құжат.

Реализация МЭКС: Канат Бозумбаев поручил привлечь больше банков к финансированию модернизации коммунальных сетей

В Алматы под председательством заместителя Премьер-министра Каната Бозумбаева состоялось...

Ресейлік әнші Қазақстанда есірткі контрабандасына қатысты күдікпен ұсталды

Қырғызстаннан Қазақстанға өтпек болған ресейлік әнші Navai Жамбыл облысындағы...