Абай облысында 20 жастағы қызды пышақтап өлтірген бұрынғы жігіті 14 жылға сотталды

Семейде 20 жастағы Дильназ Жұмағұлова аяусыз пышақтап өлтірген жас жігітке қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Марқұм Дильназ Жұмағұлованың мәйіті биыл 13 шілдеде Абай облысы Бородулиха ауылындағы үйлердің маңынан табылған еді. Айыптау нұсқасына сәйкес, күдікті марқұмды 14 жерінен пышақтап, мәйітін жол бойында қалдырып, оқиға орнынан кетіп қалған.

13 қазанда Семейде осы қылмыстық іс бойынша сот үкімі жарияланды.

Істі қараған Семей қаласының мамандандырылған ауданаралық соты күдіктіні қылмыстық кодекстің “Адам өлтіру” бабы бойынша кінәлі деп таныды. Айыпталушыға 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енгенге дейін сотталушыны қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылды. Осы уақыт аралығындағы қамауда болған әр күні орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеудің бір жарым күніне теңестіріліп есептеледі.

Сот Дильназдың ата-анасы берген азаматтық талапты ішінара қанағаттандырды. Сотталушыдан моральдық зиян үшін 20 миллион теңге, материалдық шығын ретінде 1 миллион 169 мың 600 теңге және өкілдік шығындары үшін 500 мың теңге өндіру туралы шешім қабылданды.

Бұдан бөлек, сотталушы мемлекеттік бажды, сот шығындарын және жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорына аударылатын жарнаны төлеуге міндеттелді.

Сотталушы кінәсін ішінара мойындаған. Осыған байланысты сот оның әрекетінен шын жүректен өкіну белгілерін байқамаған.

Дильназ Жұмағұлованың ата-анасы әзірге сот үкіміне апелляциялық шағым түсіріп-түсірмейтінін нақты шешпеген.

Еске салсақ, бұған дейін Абай облысында кісі қолынан қаза тапқан Дильназ Жұмағұлованың анасы қазақстандықтарға үндеу жасап, жалғыз қызының қазасы туралы айтып берген еді.

Қазақстанда жедел жәрдем қызметі жаңа тәртіппен жұмыс істейді

Қазақстанда жедел жәрдем көрсету қағидаларына енгізілген өзгерістер күшіне енді....

Мәслихат сайлауы қалай өтеді? Негізгі күндері белгіленді

Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары сайлауын өткізу жөніндегі іс-шаралар...

Ұлттық қор – балаларға: 2026 жылы әр балаға 130,71 доллардан берілді 

Мемлекет басшысы 2022 жылғы Жолдауында ұлттық байлықты әділ бөлу...

На пороге нового этапа

МЕСТНАЯ ПРЕДСТАВИТЕЛЬНАЯ ВЛАСТЬ МОЖЕТ ОБНОВИТЬСЯ РАНЬШЕ УСТАНОВЛЕННОГО СРОКА. ПРЕЗИДЕНТ ОБСУДИЛ ДОСРОЧНОЕ ПРЕКРАЩЕНИЕ ПОЛНОМОЧИЙ МАСЛИХАТОВ ВСЕХ УРОВНЕЙ – ОТ РАЙОННЫХ ДО ОБЛАСТНЫХ. ОСНОВАНИЯ ДЛЯ ДАЛЬНЕЙШИХ ДЕЙСТВИЙ ТЕПЕРЬ ОПРЕДЕЛИТ ПРИНЯТОЕ ГЛАВОЙ ГОСУДАРСТВА РЕШЕНИЕ.

Жаңа ереже: Елімізде салық берешегін өндіріп алу тәртібі өзгереді 

19 қазаннан бастап салық берешегін өндіріп алу тәртібі мен оған шағымдану ережелері өзгереді.