Мәслихат сайлауы қалай өтеді? Негізгі күндері белгіленді

Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары сайлауын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Орталық сайлау комиссиясы негізгі күндерді жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерманның айтуынша, күнтізбелік жоспар сайлауды ұйымдасқан түрде дайындауға және өткізуге бағытталған.

Құжатқа сәйкес кандидаттарды ұсыну және өз-өзін ұсыну 14 қазанда басталады. Бұл кезең 27 қазан 18:00-ге дейін жалғасады.

Партиялық тізімдер мен кандидаттарды тіркеу 1 қараша 18:00-ге дейін аяқталуға тиіс.

Сайлау алдындағы үгіт-насихат 1 қарашада сағат 18:00-де басталып, 28 қарашада сағат 00:00-де аяқталады. Одан кейін тыныштық күні басталады.

Сайлау күні сайлау учаскелерінде сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін дауыс беру өтеді. Мәслихат депутаттарын сайлау қорытындысы бес күн ішінде белгіленуге тиіс.

Еске салайық, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы өтетін күнді белгіледі. Сайлау 29 қарашада өтеді.

12 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабы 5 тармағына сәйкес премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебайменконсультация өткізгеннен кейін «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» жарлыққа қол қойды.  

Қазақстанда жедел жәрдем қызметі жаңа тәртіппен жұмыс істейді

Қазақстанда жедел жәрдем көрсету қағидаларына енгізілген өзгерістер күшіне енді....

Ұлттық қор – балаларға: 2026 жылы әр балаға 130,71 доллардан берілді 

Мемлекет басшысы 2022 жылғы Жолдауында ұлттық байлықты әділ бөлу...

На пороге нового этапа

МЕСТНАЯ ПРЕДСТАВИТЕЛЬНАЯ ВЛАСТЬ МОЖЕТ ОБНОВИТЬСЯ РАНЬШЕ УСТАНОВЛЕННОГО СРОКА. ПРЕЗИДЕНТ ОБСУДИЛ ДОСРОЧНОЕ ПРЕКРАЩЕНИЕ ПОЛНОМОЧИЙ МАСЛИХАТОВ ВСЕХ УРОВНЕЙ – ОТ РАЙОННЫХ ДО ОБЛАСТНЫХ. ОСНОВАНИЯ ДЛЯ ДАЛЬНЕЙШИХ ДЕЙСТВИЙ ТЕПЕРЬ ОПРЕДЕЛИТ ПРИНЯТОЕ ГЛАВОЙ ГОСУДАРСТВА РЕШЕНИЕ.

Жаңа ереже: Елімізде салық берешегін өндіріп алу тәртібі өзгереді 

19 қазаннан бастап салық берешегін өндіріп алу тәртібі мен оған шағымдану ережелері өзгереді.

Алматыда тұмауға қарсы вакцинация басталды: Кімдер екпені тегін ала алады? 

Алматыда тұмауға қарсы маусымдық вакцинация басталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.