Қазақстанда «Яндекс» сервистері неге істемей қалғаны белгілі болды 

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «Яндекс» сервистерінің жұмысына қатысты жағдайға түсініктеме берді.

Бұл туралы BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап хабарлады.

«Яндекс» сервистерінің жұмысындағы іркілістер азаматтардың күнделікті пайдаланатын цифрлық платформалардың сенімділігіне қатысты орынды сұрақтар туғызды. Қазақстандық пайдаланушылардың жеке деректерін сақтауға арналған серверлер ел аумағында орналасқан және штаттық режимде жұмыс істеп тұр, – деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.

Министрлік серверлердің Қазақстанда орналасуы бүкіл платформаның ел ішінде толық автономды жұмыс істейтінін білдірмейтінін атап өтті. Такси және жеткізу қызметтерін көрсетуге қажетті кейбір компоненттер Қазақстаннан тыс жерде орналасқан.

Ведомствоның мәліметінше, сервистердің үздіксіз жұмыс істеуі пайдаланушылар үшін аса маңызды. Сондықтан деректерді ел аумағында сақтау мен цифрлық платформалардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету – кешенді шешімді қажет ететін екі бөлек міндет.

Қазір «Яндекс» сервистердің жұмысын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Министрлік компаниямен және қазақстандық инфрақұрылым ұйымдарымен бірлесіп, қажетті қолдау көрсетуде. Сонымен қатар жүктеме артқан жағдайда олардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін басқа такси және жеткізу платформаларымен де жұмыс жүргізіліп жатыр.

Кеше, жексенбі күні Қазақстанда «Яндекс» сервистерінің курьерлер мен такси жүргізушілеріне арналған қызметтері қолжетімсіз болды. «Яндекс Go» баспасөз қызметі техникалық мамандардың сервистерді қалпына келтірумен айналысып жатқанын хабарлаған.

Бұған дейін Ресейдегі «Яндекс» деректер орталығына жасалған жаңа шабуылдан кейін Мәскеу мен Санкт-Петербургті қоса алғанда, Ресейдің ірі қалаларында такси шақыру мүмкін болмай қалған. Қосымшаның жұмысында Беларусь пен Арменияда да ақаулар байқалған.

Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше, дрондар «Яндекстің» Владимирдегі, Рязань облысындағы және Калугадағы деректер орталығы инфрақұрылымына шабуыл жасаған.

Тоқаев Астанада ТМД елдерінің ЖИ форумын өткізуді ұсынды 

Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект саласында тәжірибе алмасатын тұрақты механизм қалыптастыру бастамасын көтерді

Қазақстандағы риелторлар: Олардың табысы қанша және жаңа талаптар не үшін керек? 

Қазақстанда риелторлық қызметті реттеуді күшейту жоспарланып отыр. Тиісті заңнамалық түзетулер пакеті қазірдің өзінде Құрылтайдың қарауына жіберілген.

Алматыда 200-ге жуық жеке үй сүріледі: Қай көшелердегі үйлер бұзылады? 

Алматыда реновация бағдарламасы аясында ескі көпқабатты тұрғын үйлермен қатар жеке үйлерді де бұзу жұмыстары басталды,

Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздары халықаралық индекске енуі мүмкін 

Index Watch-Positive мәртебесін беру Қазақстанның халықаралық қаржы нарықтарына интеграциялануы үшін маңызды кезең саналады. Бұл инвесторлар базасын кеңейтіп, шетелдік инвестиция тартуға және мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Елімізде жәрдемақы мен оны тағайындау шарты бекітілді

Үкіметтің 2026 жылғы 5 қазандағы қаулысы жәрдемақы тізімі және оны тағайындау, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату шарты, жерлеу төлемін бір рет тағайындау шарты бекітілді.