Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздары халықаралық индекске енуі мүмкін 

J.P. Morgan Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарына Index Watch-Positive мәртебесін берді. Бұл Қазақстанның кейін дамушы нарықтардың мемлекеттік облигацияларына арналған GBI-EM индексіне енгізілу мүмкіндігін білдіреді.

GBI-EM – ұлттық валютадағы мемлекеттік облигациялар үшін негізгі халықаралық индекстердің бірі. Оны институционалдық инвесторлар инвестициялық портфельдерін қалыптастыру кезінде кеңінен пайдаланады.

J.P. Morgan бағалауына сәйкес, Қазақстан индекс құрамына енгізілген жағдайда, оның GBI-EM Global Diversified индексіндегі алдын ала үлесі 0,48% болады. Қазақстан Қытай, Үндістан, Индонезия және Мексика секілді елдермен қатар индекске енуі мүмкін.

J.P. Morgan есебінде Қазақстанның борыштық нарығын дамыту бағытындағы шаралар, оның ішінде мемлекеттік бағалы қағаздардың өтімділігін арттыру және бастапқы дилерлер институтын енгізу атап өтілген. Сонымен қатар шетелдік инвесторлардың қатысуы артқаны көрсетілген. Жыл басынан бері мемлекеттік бағалы қағаздардың қайталама нарықтағы орташа айлық сауда көлемі 86%-ға өскен.

Бағалау кезеңі 12 айға дейін созылады. Осы уақыт ішінде J.P. Morgan нарықтың өтімділігін, халықаралық инвесторлар үшін қолжетімділігін және есеп айырысу-депозитарлық инфрақұрылымның даму үрдісін бағалайды.

Index Watch-Positive мәртебесін беру Қазақстанның халықаралық қаржы нарықтарына интеграциялануы үшін маңызды кезең саналады. Бұл инвесторлар базасын кеңейтіп, шетелдік инвестиция тартуға және мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Алматыда 200-ге жуық жеке үй сүріледі: Қай көшелердегі үйлер бұзылады? 

Алматыда реновация бағдарламасы аясында ескі көпқабатты тұрғын үйлермен қатар жеке үйлерді де бұзу жұмыстары басталды,

Елімізде жәрдемақы мен оны тағайындау шарты бекітілді

Үкіметтің 2026 жылғы 5 қазандағы қаулысы жәрдемақы тізімі және оны тағайындау, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату шарты, жерлеу төлемін бір рет тағайындау шарты бекітілді.

Қазақстандықтардың 71 пайызы ауырғанда бірінші ЖИ-ден кеңес сұрайды 

Қазақстандықтардың 94 пайызы ауырған кезде алдымен өз бетінше емделуге әрекет етіп көреді.

Елімізде көпқабатты үйлерге өрт сөндіру техникасының кіру талаптары күшейтілді 

Қазақстанда көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің өрт қауіпсіздігіне қатысты жаңа талаптар белгіленді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды 

Әуежайда Қазақстан Президентін Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов қарсы алды.