Елімізде көпқабатты үйлерге өрт сөндіру техникасының кіру талаптары күшейтілді 

2026 жылғы 1 қазанда Төтенше жағдайлар министрінің №119-НҚ бұйрығымен бекітілген талаптарға сәйкес, 200 пәтерден асатын көпқабатты тұрғын үйлерге өрт сөндіру техникасының кіруіне арналған екі бөлек жол қарастырылуы тиіс.

Ал 400 пәтерге дейінгі тұрғын үйлер үшін бір ғана кіреберіс жолға рұқсат етіледі. Алайда бұл жағдайда бірқатар қосымша қауіпсіздік талаптары міндетті түрде сақталуы керек, деп хабарлайды inbusiness.kz PRG.Zanger-ге сілтеме жасап.

Атап айтқанда:

  • стилобатпен біріктірілген ғимараттың биіктігі 50 метрден аспауы тиіс;
  • қабатаралық дәліздер түтінге қарсы желдету жүйесімен жабдықталуы қажет;
  • эвакуация жолдарындағы есіктер магниттік-контактілі сигнализаторлармен (СМК) жабдықталуы тиіс;
  • есіктердің «ашық/жабық» күйі туралы ақпарат өрт сөндіру бекетіне шығарылуы керек;
  • стилобатқа шығатын жолдан 10 метрден аспайтын қашықтықта өрт гидранты орналасуы қажет.

Сонымен қатар өрт сөндіру техникасы жүретін жолдардың параметрлері де белгіленді. Бұрылу радиусы кемінде 9,8 метр болуы тиіс. Бұл ірі өрт сөндіру көліктерінің тұрғын үй аумағында еркін маневр жасауына мүмкіндік беру үшін қажет.

Стилобатқа шығатын жолдың беті тайғанамайтын жабынмен және жылыту жүйесімен жабдықталуы керек. Бұл талап әсіресе қыс мезгілінде өрт сөндіру техникасының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Ішкі жол тұйықсыз айналма қозғалысты қамтамасыз етуі немесе ұзындығы 150 метрден аспайтын тұйық жол болуы мүмкін.

Егер жол тұйық болса, өрт сөндіру көліктерінің кері бұрылуына арналған кемінде 15×15 метр алаң қарастырылуы тиіс.

Осылайша, 400 пәтерге дейінгі тұрғын үйге бір ғана өрт сөндіру кіреберісін ұйымдастыруға мүмкіндік болғанымен, ол бірқатар қосымша қауіпсіздік шаралары толық сақталған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Жаңа талаптар өрт сөндіру көліктерінің қозғалысын ғана емес, сонымен қатар ғимараттардың инженерлік жүйелерін, эвакуация жолдарын, өртке қарсы сумен жабдықтауды және кіреберіс жолдардың пайдалану жағдайын да қамтиды.

Қазақстандықтардың 71 пайызы ауырғанда бірінші ЖИ-ден кеңес сұрайды 

Қазақстандықтардың 94 пайызы ауырған кезде алдымен өз бетінше емделуге әрекет етіп көреді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды 

Әуежайда Қазақстан Президентін Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов қарсы алды.

Алматыда жылуды 9 қазаннан бастап қосады

Алматыда биыл жылу қосу маусымы 9 қазанда басталады. Алайда әкімдіктің хабарлауынша, тұрғын үйлерге жылу бірден қосылмайды.

Ерлан Карин Джеки Чанмен кинематография саласындағы ынтымақтастықты талқылады 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Вице-президент Ерлан Карин халықаралық киножобаның түсірілім тобымен кездесті.

Қазақстанда алкогольге ең көп ақша жұмсайтын өңір анықталды 

Қазақстан тұрғындары алкоголь өнімдеріне, шарап пен сыраға орта есеппен азырақ ақша жұмсай бастады: 2026 жылғы қаңтар–маусым айларында шығын бір адамға 3,1 мың теңгені құрап, бір жылда 1,1%-ға қысқарды.