Мектепте телефон қолдануға қатысты жаңа талап бекітілді: Оқушылар нені білуі керек? 

Қазақстанда мектеп оқушылары мен тәрбиеленушілерінің сабақ кезінде ұялы телефон пайдалану тәртібі бекітілді. Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 24 қыркүйектегі №282-НҚ бұйрығында телефонды қандай жағдайда қолдануға болатыны көрсетілген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жаңа ереже меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық орта білім беру ұйымдарына қатысты.

Құжатқа сәйкес, оқушыларға сабақ барысында ұялы телефонды тек үш жағдайда пайдалануға рұқсат етіледі.

Біріншіден, мұғалімнің нұсқауымен оқу тапсырмасын орындау үшін телефон қажет болған жағдайда қолдануға болады.

Екіншіден, оқушының, тәрбиеленушінің немесе басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туындаса, телефон пайдалануға рұқсат етіледі.

Үшіншіден, оқушының денсаулық жағдайына байланысты ұялы телефонды қолдану қажет болған жағдайда да шектеу қойылмайды.

Бұйрықта ұялы телефонды пайдалану тәртібі барлық орта білім беру ұйымдары үшін бірдей екені белгіленген.

Құжатқа сәйкес, бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді. Алайда қазіргі уақытта бұйрық мемлекеттік тіркеуден өтуге тиіс.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы артты

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 410 088 теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14%-ға жоғары.

2027 жылдан бастап МӘМС жүйесінде не өзгереді: Денсаулық сақтау министрлігі түсіндірді 

Қазақстанда денсаулық сақтауды қаржыландырудың басым бөлігі сақтандыру моделіне көшуі жалғасуда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды 

Мемлекет басшысы Берлинде бизнес-форумға, ал Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.