Алматыда Қала күніне арналған іс-шараларға 1 млн-нан астам тұрғын мен қонақ қатысты

Концерттер, фестивальдер, көрмелер, спорттық және шығармашылық іс-шаралар өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда Қала күнін екі күн бойы мерекелеу аяқталды. 19 және 20 қыркүйекте қаланың негізгі алаңдарында және барлық сегіз ауданда концерттер, фестивальдер, көрмелер, спорттық және шығармашылық іс-шаралар өтті. Екі күн ішінде оларға 1 млн-нан астам қала тұрғыны мен қонағы қатысты. Бұл туралы Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілдері хабарлады.

Абай алаңында Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен салтанатты концерт өтіп, «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағын табыстау рәсімі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, Қазақ мемлекеттік циркінің артистері, ASU ұжымы және «Алатау» дәстүрлі өнер театры өнер көрсетті. Бұдан бөлек, пианист Ratovich, NE PROSTO ORCHESTRA және «D Billions» халықаралық музыкалық шоуы көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.

Қонақтар үшін тақырыптық және балалар аймақтары, AI & ROBOT ZONE, крафт ойындар алаңы және кәсіби суретшілердің «Ажарлы Алматы» атты туындылар көрмесі жұмыс істеді.

Астана алаңында күндізгі концерттік бағдарламалар, «Almaty Vibes» музыкалық фестивалі және «Almaty Zhuldyzy» концерті өтті. Алматы тарихына арналған 3D Mapping Show мерекенің басты оқиғаларының біріне айналды.

Панфилов және Жібек жолы көшелерінде концерттер, шығармашылық бағдарламалар және қуыршақ театрының қойылымдары ұйымдастырылды. Kitap Fest кітап жәрмеңкесі 60-тан астам баспа мен кітап дүкенінің басын қосып, 50 мыңнан астам келушіні жинады.

Ірі іс-шаралардың бірі Алма жәрмеңкесі болды. Екі күн ішінде мұнда жергілікті өндірушілер мен шаруа қожалықтары ұсынған 50 сұрыптағы 250 тоннадан астам алма сатылды.

«Алатау» дәстүрлі өнер театры алдындағы алаңда танымал орындаушылар мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен «Ән мен күйдің бесігі», «Jana Lep» және «Алматыға махаббатпен» концерттері өтті.

Мерекелік күндері Масанчи көшесінің Сәтбаев даңғылынан Абай даңғылына дейінгі бөлігінде алғашқы гастрономиялық көше де ашылды. Мұнда қоғамдық тамақтану орындары мен көркейтілген қоғамдық кеңістік бір аумақта тоғыстырылды. Бұл Алматыда гастрономиялық көшелер желісін құру аясында жүзеге асырылған алғашқы жоба.

Қаланың барлық сегіз ауданы да бағдарламаларын дайындады. Тұрғындар үшін концерттер, спорттық жарыстар, көрмелер, шебердің сабақтары, отбасылық және балаларға арналған іс-шаралар ұйымдастырылды.

Ғалымдар Жердің пішіні өзгеріп жатқанын анықтады 

Грек ғалымы Жердің пішінінде елеулі геофизикалық өзгерістер болып жатқанын анықтады. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Жердің экватор маңындағы аймақтары біртіндеп төмендеп, полюстерге жақын өңірлер көтеріліп келеді.

Нейрожелілер даркнеттен қауіпті ме? Сарапшылар ЖИ-ге қандай ақпаратты жүктемеу керегін айтты 

Даркнет әлі де бар және ақпаратпен жасырын алмасуға арналған алаң ретінде пайдаланылып келеді.

Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа ластанады 

Қазақстанның тоғыз қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қазақстанда ішкі туризм жеті жылда екі есе өсті – Туризм министрлігі 

Қазақстанда соңғы жеті жылда ішкі туристер саны 8,5 миллионға жетіп, мемлекеттік бюджетке 630 миллиард теңге табыс әкелді.

Елімізде тұмауға қарсы вакцинация басталды. Кімдерге тегін салады?

Вакцинация ең алдымен тұмауды жұқтыру немесе аурудың асқыну қаупі жоғары азаматтарды қамтиды. Екпе медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін жасалады.