Ғалымдар Жердің пішіні өзгеріп жатқанын анықтады 

Грек ғалымы Жердің пішінінде елеулі геофизикалық өзгерістер болып жатқанын анықтады. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Жердің экватор маңындағы аймақтары біртіндеп төмендеп, полюстерге жақын өңірлер көтеріліп келеді.

Грек геологы Кристофер Коцакистің зерттеу нәтижелері Journal of Geophysical Research: Solid Earth ғылыми журналында жарияланған.

Ғалымның деректеріне сәйкес, соңғы жиырма жылға жетпейтін кезеңде полярлық аймақтардың көтерілу жылдамдығы шамамен екі есеге артқан. Бұған дейін Жер қыртысының көтерілу қарқыны жылына шамамен 0,5 миллиметр болса, қазір бұл көрсеткіш 1 миллиметрге жуықтаған.

Зерттеуші бұл үдерістің негізгі себептерінің бірі ретінде Гренландия мен Антарктидадағы мұз жамылғысының еруін қарастырады.

Мұздықтар еріген кезде Жер қыртысына түсетін қысым азаяды. Соның нәтижесінде мұздан босаған аймақтар біртіндеп қайта көтеріле бастайды. Ал еріген мұздан пайда болған су мұхиттарға құйылып, мұхиттардағы су массасын арттырады. Бұл өз кезегінде мұхит түбіне түсетін қысымның күшеюіне және оның төмен қарай деформациялануына әкеледі.

Ғалымның бағалауынша, Жердің әртүрлі бөліктеріндегі бұл қарама-қарсы қозғалыстар планетаның жалпы пішінінің өзгеруіне әсер етеді. Сонымен қатар аталған құбылыс Жердің полюстер тұсында біршама сығылыңқы пішінінің азаюымен үйлеседі.

Яғни Жердің пішіні біртұтас дене ретінде өзгермей жатқан жоқ: планетаның қатты қабығының әртүрлі бөліктері геофизикалық үдерістердің әсерінен әр бағытта қозғалып, оның жалпы геометриялық пішініне ықпал етеді.

Моңғолия президенті отставкаға кететінін мәлімдеді 

Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх қызметінен кетіп, өзіне тағылған айыптар бойынша ақиқатты анықтауға дайын екенін мәлімдеді.

Енді сабақтан жиі қалатын оқушылар полицияның бақылауында болады

Қазақстанда 21 қарашадан бастап балаларды есепке алу және мектептегі буллиңнің алдын алу қағидаларына өзгерістер енгізіледі.

Қазақстан әйелдері үй шаруасына ерлерден 3,2 есе көп уақыт жұмсайды 

Қазақстандық әйелдер үй шаруасына ерлерге қарағанда 3,2 есе көп уақыт бөледі. Сонымен қатар ақылы және ақы төленбейтін еңбекті қоса есептегенде, әйелдердің жалпы жұмыс күні ерлерге қарағанда әлдеқайда ұзақ.

Безопасное будущее начинается сегодня

БЕЗОПАСНОСТЬ РЕБЕНКА НАЧИНАЕТСЯ ЗАДОЛГО ДО ЧРЕЗВЫЧАЙНОЙ СИТУАЦИИ – С ДОСТУПНОЙ МЕДИЦИНСКОЙ ПОМОЩИ, ПОДГОТОВЛЕННОГО ПЕДАГОГА, ЗАЩИЩЕННОЙ ШКОЛЬНОЙ СРЕДЫ И СВОЕВРЕМЕННОЙ ПОДДЕРЖКИ СЕМЬИ. ЭТИ ЗАДАЧИ ОБЪЕДИНИЛА КОНЦЕПЦИЯ «ДЕТИ КАЗАХСТАНА», РЕАЛИЗАЦИЮ КОТОРОЙ, ПЕРВЫЕ РЕЗУЛЬТАТЫ И ПРОБЛЕМЫ МЕЖВЕДОМСТВЕННОГО ВЗАИМОДЕЙСТВИЯ ОБСУДИЛИ ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ В ХОДЕ ПРАВИТЕЛЬСТВЕННОГО ЧАСА.

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетін кім басқаратын болды?

Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды.