Жезқазғанға жаңа әкім тағайындалды 

Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен Жезқазған қаласының жаңа әкімін таныстырды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін облыс әкімі қала активіне Жезқазғанның жаңа басшысын таныстырды. Бұдан былай облыс орталығын Мұрат Ерболатұлы Бөрібаев басқарады.

Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Мұрат Бөрібаев 1991 жылы дүниеге келген.

Ол бірнеше жоғары білім алған. Атап айтқанда, «Металлургия», «Экономика және бизнес» мамандықтары бойынша бакалавр дәрежесіне, сондай-ақ мемлекеттік менеджмент мамандығы бойынша магистр дәрежесіне ие.

Жаңа әкім Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Мұрат Бөрібаев Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалғанға дейін Сәтбаев қаласының әкімі қызметін атқарған.

Осылайша, бүгіннен бастап Жезқазған қаласының әкімі қызметін Мұрат Ерболатұлы Бөрібаев атқарады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қайрат Шайжанов Жезқазған әкімі қызметін аяқтағанын мәлімдеді. Ол қала тұрғындарына алғысын айтып, бұл шешімге қатысты жүрекжарды сөзін жеткізді.

Алматыда көмір жағуға тыйым салынады: жаңа ереже қашан күшіне енеді?

Алматыда газ берілген аумақтардағы жеке үйлер мен моншаларда көмір, ағаш және басқа да қатты әрі сұйық отынды пайдалануға шектеу енгізіледі. Жаңа талап 2026 жылғы 30 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

Қазақстан азаматтары қазан айында қанша күн демалады?

Қазақстандықтардың қазан айында неше күн демалатыны белгілі болды.

Аяз, жаңбыр және тұман: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды 

Бірқатар өңірде жаңбыр, найзағай, тұман, екпінді жел мен үсік күтіледі, ал оңтүстік аймақтарда өрт қаупі жоғары болады.

Президент бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне қатысты  

Мемлекет басшысы, ең алдымен, қонақжайлық танытып, бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитін жоғары деңгейде ұйымдастырған Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёңге ризашылығын білдірді.

Жасанды интеллект 2029 жылға дейін 2,5 мың ауыл мектебіне енгізіледі 

Қазақстанда білім беру жүйесін цифрландыру жұмыстары жалғасып жатыр. Үкімет ауыл мектептеріне жасанды интеллект технологияларын енгізуді жоспарлап отыр.